Көпшілікке карантин талаптары түсіндірілуде

Oinet.kz 28-07-2021 849

Соңғы күндері елімізде коронавирус індеті қатты қарқын алды. Күн сайын мыңдаған адам аталған дертті жұқтырып, ауруханаға түсуде. Дәрігерлер оларды барынша емдеп, қолдан келген көмектерін беріп жатыр. Десе де, індет жұқтырушылар саны азаймай тұр. Осы тұста еске "ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" сөзі түседі. Себебі ауырып келгендер көбіне ауру соңғы стадияға өткенде бір-ақ келеді. Ал мұндай асқынған ауруда емдеу өте қиын. Сондықтан да адам күтініп, сақтанып жүрсе ауырмау мүмкіндігі өте жоғары. 

Screenshot_2.jpg

Осыған байланысы коронавирус індетімен ауырмау үшін адамдар барынша сақтану керек. Дегенмен тек өзінің емес, айналасындағыларды да денсаулығына немқұрайлы қарайтын азаматтар бары өкінішті. Жасырынып той істеп, көпшілікті қиын жағдайға қалдыратын тұрғындар аз емес. Осы себепті де өңірлерде арнайы құрылған мобильді топтар той, отырыс жасап тәртіп бұзғандарды анықтап, оларға заң шеңберінде жаза қолдануда.

Бүгін Сайрам ауданы Ақсукент ауылдық округіне қарасты Самал тойханасында 60 адамға қыз ұзату тойы өткізіліп жатқандығы анықталды. Аталған отбасылық мерекені аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев бастаған топ мүшелері көпшілікке карантин талаптарын түсіндіріп, үйлеріне тарқатып тарасты.

Ал тойхана иесіне  акт толтырылып айыппұл салу үшін құжаттар СЭС-ке жолданды.

Сайрамда карантиндік режим қатаң сақталуда
Сайрамда қоныс той көбейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу