Сарыағаш ауданынның шаруалары жылды табысты аяқтады

Oinet.kz 16-11-2022 183

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында биыл 71,1 мың гектар егістік жер игеріліп, 559,3 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналған. Бұдан бөлек, жыл басынан бері жаңадан 35,3 гектар аумаққа жылыжай салынып, оның екі айналымда 98,7 мың тонна өнім жиналған. Жылыжай өнімінің бір бөлігі еліміздің ішкі нарығының сұранысын қанағаттандырса, бір бөлігі көрші шет мемлекеттерге экспортталған.

Screenshot_29.jpg

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Баймұханбетұлының айтуынша, ауданның еңбекқор шаруалары жылыжайларда өндірілетін өнім көлемін әртараптандыру мақсатында лимон, құлпынай, баялды (баклажан), кабачок, гүл өсіруді қолға алған. Сонымен қатар «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы  қолға алынғалы шаруалардың өнімі ұлғайып,  бүгінгі күнге жалпы  92 мың тонна өнім жиналған. Шаруалардың еңбегінің нәтижесінде жыл басынан бері 122,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім  107,8 пайызға жеткен.  

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласына 5,9 миллиард теңгенің инвестициясы тартылған. Биыл аудан аумағындағы мал мен құс саны 1067198 басты құраған. Ет  – 13690,9 тонна, сүт – 51310,7 тонна және 97,6 миллион дана жұмыртқа өндіріліп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосып отыр. Ауданда мал шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. 

Аудан шаруалары Астана, Алматы, Түркістан қалаларында өткен ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне 17 рет қатысып, 257 тоннаға жуық өнім нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен бағада өткерілген.

Жетісай ауданында 6764 көшет отырғызылған
Түркістандық диқандарға жеңілдетілген несие үлестірілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу