Жетісай ауданында 6764 көшет отырғызылған

Oinet.kz 16-11-2022 218

Түркістан облысы Жетісай ауданында көріктендіру, көгеріштендіру бағытындағы «жасыл белдеу» жобасы жоспарлы жүргізілуде. Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, өткен айда Жетісай ауданы «Шардара орман» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан 1764 дана және «Бадам орман және жануарлар әлемін қоғау жөніндегі» КММ-нан 5000 дана көшет жеткізіліп, отырғызылған. 

Screenshot_28.jpg

- Оның ішінде қарағашы 1264, үйеңкісі 500, қарағашы 150, туясы 150, емені 300, вербасы 250, терегі 410, үйеңкісі 1000, ясині 1000, айланты 740 және 1000 дана қаратал бар. Бұл ағаш көшеттері аудандағы саябақтарға, скверлер мен аллеяларға, жол бойы мен мекемелердің аулаларына отырғызылды. Осы желтоқсан айында 400 көшетті отырғызу жоспарлануда. Оны тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында аудан орталығындағы саябақтар мен мекеме аулаларына және көше бойларына отырғызатын боламыз, - дейді аудан әкімі.  

Жалпы, Жетісай ауданы бойынша қараша, желтоқсан айларында көшеттерді отырғызуға 4 техника және 234 адам жұмылдырылып, 6764 түп көшет отырғызылған. Ендігі қалған 400 түп шырша көшеттері «Жетісай қызмет» МКК-сінде тұр. Алдағы  уақытта көшет отырғызу жұмыстары жалғасатын таппақ. 

Ордабасы ауданында биогумус өндірісі жолға қойылып келеді
Сарыағаш ауданынның шаруалары жылды табысты аяқтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу