Білімді ұрпақ – ел болашағы

Oinet.kz 21-11-2022 316

Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында «Тәртіптің ең тамаша мектебі - Отбасы» тақырыбында мектеп ата-аналары комитетінің төрағасы, ата-аналары және педагог-психологтардың қатысуымен аудандық семинар кеңес өтті.

Screenshot_15.jpg

Семинардың мақсаты – ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту, балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру және баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін ұғындыру.

Ата-аналармен өткізілген жиында Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ержан Кадырбек, әдістемелік кабинетінің психологтар әдіскері Мөлдір Кулмаганбетова, аудан прокуроры Ахмет Жақсылық, аудандық палиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұржан Сыдыков, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мырсалы Миразизов,  Түркістан облысының ата-аналар қауымдастығының төрағасы, психолог Ақбаян Жакипова «Отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша тренинг өткізді. 

Ал тәжірибелі психолог, гештальттерапевт, тренер, коуч Ләззат Нұрпейісова педагог-психологтармен тренинг өтті.

Семинар-кеңес соңында қатысушы педагог-психологтар және ата-аналар балаларымен байланыс жасаудың жаңа бір әдісін үйреніп, болашақтарына қатысты жаңаша көзқарастың пайда болғандығы туралы ойларын бөлісіп, алғыс білдірді.

Мұндай семинар-кеңес Түлкібас ауданы адами əлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері С.Абуованың ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес, Т. Иманбеков атындағы жалпы орта мектебінде «Бастауыш сыныпта оқытудың инновациялық әдістерін пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында өткізілді. 

Семинарда бастауыш сынып мұғалімдері «Үйрен білім жастықта!»,  «Балалық шақ»,  «Ондықтармен санау»,  «Құрама есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару»,  «П дыбысы мен әрпі», «Менің бос уақытым», «Дыбыстық талдау» және сыныптан тыс «Білімді  ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында өткізілген сабақтары өте жақсы деңгейде ұйымдастырылғандығын көрсетті.

Ол семинарға қатысқан бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақ барысында білім сапасын арттыру жолында кездесетін проблемаларды анықтау жолдары, бастауыш сыныпта оқытудың инновациялық әдістері туралы өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасу мақсатында ойларымен бөлісті.

Түркістан экономикалық аймаққа айналмақ
Түлкібас – тұлпарлар туған жер, сұңқарлар қонған жер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу