Түлкібаста этнотуризм дамып келеді

Oinet.kz 22-11-2022 245

Түлкібас ауданында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Биыл «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 7 жоба, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» мен «Екінші деңгейлі банк» бірлескен жобасы әзірленіп, 31 жоба қаржыландырылып, іске асырылған.

Screenshot_16.jpg

- Өңірде туризм саласының даму, аудан экономикасына мол қаржы құюға мүмкіндік беруде. Осының есебінен білім, денсаулық және спорт нысандары соғылып, жұмыс орындары көптеп ашылуда. Мәселен, бюджетке түскен қаражат есебінен, яғни,  облыстық бюджет есебінен 150 орындық «Тұрсынбеков», 300 орындық «Майлыкент» мектебінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында «Аманкелді» және 100 орындық «Абайыл» мектептері, ал Састөбе кентінде 75 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория ғимараты пайдалануға берілген. Демеушілер есебінен Ұрбұлақ, Ынтымақ, Керейіт елді мекендерінде футбол алаңшалары және Шұқырбұлақ ауылында ашық спорт алаңшасы салынған. Сондай-ақ, Азаттық ауылында жабық спорт алаңшасы, Көктерек елді мекенінде спорт зал құрылысы жүргізілуде, - дейді Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт.

Осы атқарылған жобалардың аясында жұмыс орындары ашылуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 11 айында ақылы қоғамдық жұмысқа 1066 жұмыссыз адам тартылған. Ал Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша, ауданда 635 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, қазіргі таңда 848 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру бойынша 60 азаматты 3 мамандық бойынша оқуға жолдама берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 162 азамат, жастар практикасына 319 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 35 азамат жолданды. Мемлекеттік грант бойынша жоспардағы 183 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. 

Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың айтуынша, ауданның жалпы ішкі өнімі 80 миллиард 244 миллион теңгені құраған. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі - 11 миллиард теңге. Аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 миллиард 314 миллион теңгеге жетіп отыр. Бұл көрсеткішпен облыста аудан алғашқы орынға шыққан. Көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы 12 миллиард 550 миллион теңгені құраған.  Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 52 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, 48,6 мың тонна астық жиналған. 

Табиғаты шұрайлы ауданда этнотуризмді дамытуға басымдық берілуде. Қазіргі таңда ауданда 32 туристік нысан жұмыс істейді. Олардың қатарында 3 қонақүй, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақ пен туристік база бар. 

- Биыл ауданда туризм саласын дамыту мақсатында 3 жоба іске асырылған. Аудан әкімінің айтуынша, биыл «Түлкібас саясы» емдік-сауықтыру оңалту кешені ашылған. Мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, ғимарат салған кәсіпкер 50 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бел омыртқа ауруларын емдейтін жаңа орталық жылына 1500-ден астам адамды қабылдауға қауқарлы. 

Бұдан бөлек, «Таң Нұры»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі емдеу сауықтыру кешені бой көтерген. Бүгінгі таңда лагерді қайта құрылымдау жұмыстары 90 пайызға пайызға орындалған. Бұдан бөлек, «Etno Park Resort» этноауыл туристерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұнда туристердің талғамына сай ұлттық нақыштағы 5 киіз үй, соңғы үлгідегі бірнеше қонақүй бар. Бұдан бөлек, «Tulkibas-Fishing & Resort» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қонақүй және фарель балығын өсіру жобасын айтуға болады. Сыйымдылығы 100 орындық демалыс аймағының құрылыс жұмыстары 85 пайызға аяқталған. Ол биылғы желтоқсан айына толық іске қосылмақ, - дейді аудан әкімі Нұрлан Байғұт.

Түлкібас – тұлпарлар туған жер, сұңқарлар қонған жер
Жаңа емхана ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу