Кентауда «Плоггинг» шарасы өтті

Oinet.kz 08-05-2023 244

12.jpg

Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Плоггинг» спорттық шарасы өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорттық шара Хантағы ауылының тау бөктерінде ұйымдастырылды. Жарысқа қаланың жастарынан жасақталған 5 команда сайысқа түсті.

Игі шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов белсенді жастарды мерекелермен құттықтап, маңызды шараны ұдайы өткізу қажеттігін атап өтті.

- Еліміздің мәдениетінің дамуы ол алдымен тазалалықтан бастау алатыны сөзсіз. Күн жылып, жердің нәрі кіре бастаған уақытта көпшілік табиғатқа шығып демалуды бастайды. Өздеріңізбен тұрған жеріміз қаламыздың ең көрікті бөлігі. Адамдар осы аймаққа көп шоғырланатын болады. Алайда, тазалыққа мән берми жатады. Көпшілікке ой салар бүгінгі шарамыз жалғасын тауып, өз нәтижесін береді деген сенімдемін, - деді ол. 

Плоггинг спорттық шарасында алдымен жастар тұрғындар демалатын аймақтардағы қоқыстарды тазартудан жарысады. Тазалық шарасын аяқтағаннан кейін, садақ ату және ләңгі тебу ойын түрлерінен сынға түседі. Ең белсенді, ең мықты деген топ жеңімпаз атанып, арнайы қала әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бұдан басқа осы күні сондай-ақ Кентау қаласы Қарнақ ауылында ауыл әкімі М.Диметов пен қалалық маслихат депутаты Б.Хабибовтың бастамасымен, ауыл белсенділерінің қолдауымен ауқымды тазалық шарасы өтті. Қарнақ ауыл тұрғындары «Ырмақ» өзені жағалауын тазарту, қоқыстарын жинау шарасы эко асар аясында ұйымдастырылды. Асарға 100-ден астам қарнақтықтар белсене қатысты. Олар аумақты жинаумен шектеліп қана қоймай, қоқыс тастауға болмайтыны туралы ескерту тақтайшаларын да орнатты.


«Өнерлі өлке»: Бәйдібек ауданының мәдениет күндері басталды
«Өнерлі өлке»: Көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу