"Miras" кеңесі жаңа Жолдауды талқылады

Oinet.kz 30-09-2023 204

"AMANAT" партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы "Мiras" азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. 

IMG-20230929-WA0019.jpg

Аталған отырыста мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты халыққа жолдауы талқыланып, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. 

Кеңес төрағасы Қалыйма Жантореева  Президент Жолдауын тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар екеніне тоқталды. Сонымен қатар, Жолдаудағы халқымыздың тұрмысын жақсартуға бағытталған бастамалар бойынша алдағы уақытта  ауқымды, кешенді іс-шаралар жоспарланғанын жеткізді.  

«Turkistan Media Holding» ЖШС Бас директоры,  кеңес төрағасының орынбасары Жанахмет Агыбаев  Жолдаудың мазмұнына тоқталып, «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасының халыққа тиімділігін айрықша атап өтті. Сондай-ақ, тұрғындар телебағдарламалар арқылы партиялық жобаның пайдасы туралы ақпарат алып жатқанын жеткізді.

Кеңес отырысы барысында Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры Акмарал Кудайбергенова  сөз кезегін алып,  Жолдау аясындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, мәдени салаға, оның ішінде кітапхана ісіне көбірек көңіл бөлінсе деген өз ұсынысын білдірді.    

«Turkistan Media Holding»-нің басқарушы директоры Тельман Бейсен  Жолдаудың өзектілігін айтып, сөзден іске көшетін кез келгенін атап өтті.  Белгілі журналист өз сөзінде облысымыздағы тарихи-мәдени жәдігерлерді, ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығына да тоқталды.

Отырыс барысында кеңес мүшелері Бекжігіт Сердәлі , Айдар Сейдазым, Аида Өтеп те өз пікірлерін ортаға салды.

Шымкенттік NIS оқушылары көзі көрмейтін жандарға көмекші құрылғы ойлап тапты
Құрыштан құйған құдірет, қарттарым аман-сау жүрші
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу