Шымкенттік NIS оқушылары көзі көрмейтін жандарға көмекші құрылғы ойлап тапты

Oinet.kz 30-09-2023 265

Көзі көрмейтін жандарға арналған көмекші құрылғыны Шымкенттік NIS оқушылары ойлап тапты

IMG-20230929-WA0017.jpg

Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Рахат Өмірбек пен Шұғыла Қарсақбаева Samsung стартаптар сайысында еліміздегі ең үздік 9 жоба авторы атанды. 

Көзі көрмейтін немесе көру қабілеті нашар жандарға арналған электронды Vision Assistant  білезігі объектіні 1 метр радиуста анықтайды. Баспалдақтар мен кедергілерді кездестіргенде вибрация арқылы сигнал береді. 

Құрылғы Шымкенттік мүмкіндігі шектеулі жандардың тестілеуінен өтті. Нәтижесінде мақсатты аудиторияның оң бағасына ие болды. 

Электронды білезіктердің 1 данасы қолжетімді болу үшін 4000-7000 теңгеге бағаланып отыр.

1600 қатысушы арасынан финалист атанған оқушыларға 300 000 теңге сыйға тартылды.

«Қай заманда қазақтың қызы қара жамылып, бүркеніп еді?»: Аягүл Миразова
"Miras" кеңесі жаңа Жолдауды талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу