Халық жүрегіндегі қаһарман

Oinet.kz 12-02-2024 2255

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейімен бірлесе отырып, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының 100 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты іс-шара өткізді. 

 Screenshot_1.jpg

Іс-шараға Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Баян Елеусізқызы, ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің бастығы Ләззат Тлеуғожақызы, Шымкент қалалық ардагерлер коалициясының төрағасы, полковник Серікбай Мейірбайұлы және армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовпен қызметтес болған Қарулы күштерінің ардагерлері қатысты. 

Шарада қонақтар сөз сөйлеп, №35748 әскери бөлімінің үрмелі аспаптар оркестрі мен Ш.Қалдаяқов ат. облыстық филармония әншілері патриоттық әндер орындады. Сондай-ақ, №129 ЖОББМ «Жас сарбаз» әскери-патриоттық  клубының сарбаздары сахналық көрініс қойды. 

Сонымен қатар, ақпанда ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің «Халық жүрегіндегі қаһарман» атты көшпелі көрмесі қойылып, онда Сағадат Қожахметұлының жеке заттары, осы уақытқа дейін жарияланбаған фотосуреттері мен құжаттары және басқа да жәдігерлер көрсетілді. 

Аталған шара Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрін ұлықтауға, оның ерен еңбегін үлгі ете отыра, өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруге, сондай-ақ,  Қазақстан Қарулы Күштерінің имиджін арттыруға, музей ісін насихаттауға және одан әрі дамытуға бағытталған.

Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
Түркістан облысында көктемгі су тасқынына дайындық талапқа сай жүруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу