Түркістанда дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аталып өтті

Oinet.kz 28-02-2024 1581

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала елі» орталығында «27 ақпан - Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні!» мерекесіне орай салтанатты шара өтті. 

Screenshot_7.jpg

Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, Түркістан облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Шәріпбек Жамалбекұлы, «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестіктің төрайымы Инара Намазбаева және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Кездесу барысында облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік –экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өкілдері облыс әкімі Д.Сатыбалдының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың алдағы уақытта атқарар жұмыстары пысықталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Д.Сатыбалды жылына 120 мың тонна мыс өндіретін зауыт құрылысы бойынша инвесторлармен келіссөз жүргіз
«Самарқанд – Түркістан» бағытындағы әуе рейсі 15 наурыздан бастап қатынайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу