Сайрамда эму түйеқұсын өсіру кәсібі дамып келеді

Oinet.kz 02-07-2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласының ел экономикасындағы маңызына ерекше тоқталып: «Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс», – деген болатын. 

Screenshot_13.png

Президент сондай-ақ ауыл шаруашылығын әртараптандыру, жаңа өндіріс бағыттарын дамыту және ауыл кәсіпкерлерін қолдау мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін атап өткен. 

Осы бағыттағы жұмыстар Сайрам ауданында да өз жалғасын тауып келеді. Соның бір дәлелі – Ақбұлақ ауылындағы кәсіпкер Камал Шарабановтың  ерекше бағыттағы шаруашылығы. Ол соңғы жылдары әлемде кең таралып келе жатқан эму түйеқұсын өсіру кәсібін қолға алып, бүгінде бұл істі табысты жүргізуде.

Қазіргі таңда шаруашылықта 50-ге жуық эму түйеқұсы өсірілуде. Эму – Австралия құрлығын мекендейтін, әлемдегі ең ірі құстардың бірі. Оның биіктігі екі метрге дейін жетіп, салмағы 50-60 келіге дейін барады. Бұл құстың басты ерекшелігі – түрлі климаттық жағдайларға тез бейімделуі, күтімге төзімділігі және шаруашылық үшін тиімділігі.

Мамандардың айтуынша, эму түйеқұсының еті диеталық өнім ретінде жоғары бағаланады. Сонымен қатар жұмыртқасы мен майына да сұраныс жоғары. Әсіресе құс майы медицина мен косметология саласында кеңінен қолданылады. Сондықтан бұл кәсіп түрі табыс көзі ғана емес, нарыққа сұранысқа ие өнім ұсынудың тиімді жолы саналады.

Шараванов Камалдың айтуынша, алғашқы кезде бұл бағытқа қызығушылық танытқандар аз болғанымен, бүгінде шаруашылық жұмысына қызығатындар қатары көбейген. Кәсіпкер эму өсірудің қыр-сырын меңгеріп, құстардың санын жыл сайын арттырып келеді.

Мұндай тың бастамалар ауданның ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және аграрлық сектордың әлеуетін арттыруға оң әсерін тигізуде.

С.АБЫЛБЕКОВА

Сайрам ауданы: Қызылжар ауылына табиғи газ жетті
Сайрамда ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу