Сайрам құрылыс қарқыны өңір
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлерді теңгерімді дамыту, тұрғындарды сапалы тұрғын үймен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Президент елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсартып, құрылыс сапасын арттыру, инфрақұрылымды кешенді дамыту және құрылыс саласында заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін ерекше тапсырды. Осы міндеттерді іске асыру бағытында Сайрам ауданында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Сайрам аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне 83 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 8-і заңды тұлғадан, 75-і жеке тұлғадан түсіп, барлығы белгіленген мерзімде қаралып, жауап берілген.
Құжат айналымы ақпараттық жүйесі арқылы 4605 шығыс хат жолданып, 2106 кіріс хат қабылданған.
Есепті кезеңде бөлім тарапынан 2066 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру – 485;
эскиз келісу – 402;
мекенжай тіркелімі – 625;
қайта жоспарлау – 3;
пайдалануға қабылдау актісін есепке алу – 523;
объектілерді кейіннен кәдеге жарату – 28.
Құрылыс саласындағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы мемлекеттік сәулет, құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне құрылыс нормалары мен ережелерін бұза отырып салынған нысандар бойынша 31 сұраныс хат жолданды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316, 321 және 463-баптарына сәйкес 23 нысанға айыппұл салынды. 5 нысанның қажетті құжаттары болғандықтан материалдары кері қайтарылса, 3 нысанның меншік иелеріне басқарма тарапынан хабарлама берілді.
Облыс әкімінің 2025 жылғы 25 шілдедегі тапсырмасына сәйкес, салынуы жоспарланған объектілер туралы мәліметтерді «Түркістан облысы бойынша құрылыс процестерін цифрландыру» ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда геопорталға Сайрам ауданы бойынша 204 нысан енгізілді. Оның ішінде 151 жеке кәсіпкерлік нысан (оның 83-інде құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама алынған, 68-і жоспарланған), 22 жеке тұрғын үй және 33 бюджеттік нысан бар.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З. Жолдасов бекіткен «2025–2029 жылдарға дейінгі Түркістан облысы бойынша бас жоспарлар мен құрылыс салу және дамыту схемаларын әзірлеу және түзету жөніндегі жол картасына» сәйкес, 2026 жылы Қосбұлақ, Шапрашты, Қызылжар, Жаңатұрмыс және Оразалиев елді мекендеріне қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсына ұсыныс жолданды.
2026 жылы Сайрам ауданында жалпы 9 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 6 нысан – 2025 жылдан өтпелі жобалар.
Атап айтқанда, Қарасу ауылындағы 57,0 гектар аумақта инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысы бойынша су және кәріз жүйелері, газбен жабдықтау, электр және байланыс желілері, сондай-ақ жол инфрақұрылымы салынуда. Сонымен қатар Қайнарбұлақ ауылдық округі, Асыларық ауылындағы 47,0 гектар жер телімінде жеке тұрғын үйлерді газбен және электрмен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілсе, Шіркін ауылындағы 9,32 гектар жер телімінде орналасқан тұрғын үйлерге су, электр және газ инфрақұрылымы тартылуда.
Жеке инвесторлар есебінен Қарасу ауылындағы Қарасу мөлтек ауданында 57 гектар аумақта 47 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Тұрғын үйлердің жалпы көлемі 173 мың шаршы метрді құрап, 2820 пәтерді қамтиды. Оның ішінде 705 бір бөлмелі, 705 екі бөлмелі және 1410 үш бөлмелі пәтер бар.
Қазіргі таңда 47 тұрғын үйдің 36-сы бойынша мердігер мекемелер анықталған. Оның ішінде 19 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары басталған.
Сондай-ақ 900 орындық мектептің жер жұмыстары толық аяқталып, іргетасы құйылған. Бұдан бөлек 14 бес қабатты тұрғын үйдің іргетасы аяқталып, тағы 7 тұрғын үйде жер жұмыстары жүргізілуде.
Жүргізіліп жатқан барлық нысандардың мердігерлері, техникалық және авторлық қадағалаушылары белгіленген кестеге сәйкес жұмыстарды атқаруда. Қарасу ауылындағы инженерлік-коммуникациялық жүйелердің барлық жобаларының құрылыс мерзімі 2025–2027 жылдар, Асыларық ауылындағы инфрақұрылым жобалары 2025–2026 жылдары, ал Шіркін ауылындағы инфрақұрылым құрылыстары 2026–2027 жылдары аяқталады.
Сонымен қатар «Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі, Қарасу ауылындағы 57,0 га аумақты қамтитын абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысы (магистралдық кәріз жүйесі)» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобалаушы мекеме – «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС.
Жалпы, Сайрам ауданында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жаңа тұрғын үй алаптарын қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, құрылыс сапасын арттыруға және ауданның сәулеттік келбетін заман талабына сай дамытуға бағытталған. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы айқындаған өңірлерді кешенді дамыту саясатының нақты жүзеге асып жатқанын көрсетеді


