Жетісайда қоршаған орта күл-қоқыстан тазартылды

Oinet.kz 01-05-2021 1282

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында: "Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды" деп айта келіп, туған жерді аялап ұстау керектігін ескертті. 

181150888_850609485535456_4205424345249208447_n.jpg

Осындай апатты болдырмау мақсатында Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен орталық қызметкерлері мен «Сырдария» университеті, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі мен Жетісай Жоғары медицина колледжінің, «Жанықұл» медицина колледжі студенттерінен құрылған «Жан жылуы» еріктілер клубының мүшелерінің, Түркістан облысы Қоғамдық Даму Басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалы қызметкерлерінің қатысуымен өткен сенбілік «Достық» халықаралық каналының Жетісай ауданына қарасты бөлігінің бойында жүргізілді.

Сенбілік барысында Жетісай жастары каналдар мен жол бойларын ретсіз тасталған қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, жиналған қоқысты арнайы орындарға топтастырды.

Минсистрлік тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес 2021 жылдың 1 мамыр күні Қазақстан халқы Ассамблеясы, этно-мәдени бірлестіктері және олардың жастар қанаты өкілдерінің қатысумен «Таза көлдер, өзендер және бұлақтар», 8 мамыр күні жастар және волонтерлар ұйымдарының қатысумен «Естелік саябағы», 15 мамыр күні жастар және волонтерлар ұйымдарының қатысумен «Таза парктер» экологиялық акциялары және 25 мамыр күні барлық өңірлерде «Киелі Табиғат» экологиялық плоггинг өткізу жоспарланған.

Қоршаған ортаны таза ұстау - басты міндет
Тарихи құндылықтар қатары толығуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу