Жыл басынан бері «Инватакси» қызметіне 101 адам жүгінген

Oinet.kz 01-07-2021 1384

Елімізде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында біршама шаралар қолға алынған. Солардың бірі және бірегейі "Инватакси" қызметі. 

image.png

Жалпы, "инватакси" қызметіне биыл жыл басынан бері 101 азамат жүгінген. Бұл туралы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы Нұрбибі Бурибаеваның есептік жиынында мәлімдеді. 

Аталмыш қызмет, өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша "Әлеуметтік қызметтер порталы" ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аталған қызметті алу үшін, шаһарда 2120 азамат есепке тіркеліп, оның 1530-ы қызметке жүгінген. Қала бойынша портал арқылы 182 түрлі әлеуметтік құралмен 528 адам қамтылып отыр.

Оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша санаторий-курорттық емделу үшін 786 азамат жолдамамен қамтылды. Ал, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметінде I топтағы ерекше қажеттілігі бар 462 азамат және есту-ымдау мамандары қызметіне 58 азамат жүгінді. Сонымен қатар, 300 ерекше қажеттілігі бар бала үйде оқу көмегін, 14 бала кешенді әлеуметтік қызметін алды. Және де биыл әлеуметтік көмек көрсетуде қала тұрғындары мен кәсіпкерлері де белсенділік танытты. Атап айтқанда, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласының тұрғыны, жалғыз басты қарт мүгедек ананың тұрғылықты мекен-жайына барып тұрмыстық көмектер көрсетті, демеушілер есебінен 10 азаматқа 15000 теңге көлемінде әлеуметтік пакет табысталды.

Қазіргі таңда ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін көптеген мәдени-қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары, жазасын өтеген азаматтарды қоғамдық ортаға кірістіру бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

«Халықпен жұмыс жүргізу секторларында» тұрғындармен кері байланыс орнатылады
Жаңа Дендросаябақ Түркістан шаһарының көркін аша түспек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу