Жаңа Дендросаябақ Түркістан шаһарының көркін аша түспек

Oinet.kz 29-06-2021

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түр­кіс­тан қаласының 1500 жылдығына арналған ғылыми конференция­да: «Түркістанды облыс орталығы жасаймыз. Бұл той – Түркістанды орталыққа айналдырудың басы», - деп айтқан болатын. Бүгінде Елбасының бұл сөзі шындыққа айналып отыр. 

image.png

Осы негізде, Түркістан шаһарын дамытып, ажарын одан әрі гүлдендіру жұмыстары жүзеге асырылуда. Соның бірі, Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта Қалалық саябақтың (ДендроПарк) құрылыс жұмыстарының жүргізілуі. 

Өткен жылдың наурыз айында құрылыс жұмыстарын бастаған нысан жақын уақытта пайдалануға берілмек. Қалалық саябақтың жалпы ауданы – 27,8 га құрайды. 

image.png

Саябақ аумағын көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүруде. Оның ішіне 12 000 дана түрлі ағаш, 2360 ш.м. аумағына гүлдер, 20 476 ш.м. аумағына көгалдандыру жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда, 12 000 түп ағаш отырғызылған, аяқ жол тақтайшалары және асфальт жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. 

image.png

Қала тұрғындарының қыдырып, серуендеуіне де ыңғайлы жағдай жасалған. Тіпті, велосипедпен де серуендеуге арналған таптырмас орынға айналмақ. Жарықшамдар мен газон және суару жүйесі толықтай жүргізілген. Жалпы алғанда нысанның 98 пайызға жұмысы аяқталған. Саябақтың құрылысы мен күтіп ұстау жұмыстары үшін 150-ден астам қызметкер жұмыс атқаруда.

Жыл басынан бері «Инватакси» қызметіне 101 адам жүгінген
Сауран қалашығында домбыра ұлықталды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×