Қазақ киносы Түркістанда түсірілген туындымен толықты

Oinet.kz 15-11-2022 414

Screenshot_8.jpg

Жақында қазақ кино қоржыны «Дина. Күй құдіреті" атты тағы бір туындымен толығқты. Бұл фильм әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың қайталанбас өнеріне арналады. Бүгінде қызығы мен қиындығы қатар жүретін түсірілім жұмыстары таяуда аяқталып, көрермен назарына ұсынылды.

Түркістан өңірінде белгілі «САҚ» киностудиясы «Qazaqstan" ұлттық арнасының тапсырысы бойынша түсірілім жұмыстарын жүргізді. Осыған дейін анимациялық және тарихи туынды түсіріп жүрген фильм режиссері Батырхан Дәуренбеков «Фильм бұйырса екі бөлімді болады. Мұнда Дина анамыз домбыраға қалай қызықты? Күйге деген құмарлығы қалай пайда болды? Құрманғазыдан қалай тәлім алды? қалай танысты, бата бергені туралы, т.б.қамтылады. Бүкіл ғұмырын емес, өнер жағынан қарастырамыз, тұрмысқа шыққан соң да "Күйші қыз" деген атпен таныла бастаған Дина Нұрпейісова «Бұлбұл», «Байжұма», «Жігер», кейіннен «Той бастар», «Домалатпай», «Науысқы» («Науаи»), «Әсемқоңыр», «Жігер» сынды күй шығарып, өнерсүйер қауымға мұра еткен», - деген еді.

Жалпы кино түсіру өте қызық әрі күрделі процесс қой. Түсірілім алаңына жұмысты нағыз еңбек дерсің! Фильмнің шығармашылық тобымен кездесу Түркістан қаласында өткен еді. Сонда Динаның әкесінің рөлін сомдаған Келімбетов Талғат Құрманбекұлы Түркістан облысы Түлкібас ауданының тумасы. Ол Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында театр және кино актері мамандығын тәмамдаған. 2011 тәмамдап бірден Ғабит Мүсірепов жастар мен жасөспеімдер театрында 8 жарым жылдай қызмет істеді. Кәсіби актёр. Қазіргі таңда мәдениет мекемелерінде басшылық қызметте. Ол өз рөлі туралы былай дейді.

Screenshot_7.jpg

– Мен бұнда ойнайтын рөлім – Динаның әкесі, яғни Кенже есімді палуан. Динаға ең алғашқы күйді үйреткен, домбыраны үйреткен әкесін ойнаймын. Осы кастинг арқылы мені тапты. Сол бағымызға қарай, осы киноға өттім. Бұған дейін жалпы көптеген киноларға түскенмін. Соның осы елге танымалдығы «Сырғалым» телесериалы. «Сырғалым 2» сериалында басты рөлдердің бірінде ойнадым. «Әке серті», «Жас туыстар», «Орындалмас арман», «Адасқандар» және де тағы да басқа киноларда бір шама рөлдерді сомдадым. Осы енді кино барысы өте жақсы. Тарихи киноға түскенді өзім  өте қатты жақсы көремін. Өз басым өте сүйсініп, зерттеп, зерделеп  бұндай тарихи кинолардың тұлғаларын ойнау мен үшін үлкен тәжірибе. Киноның қызықты сәттері көп. Оның енді арасынан біреуін айтатын болсақ. Кино барысында, түнгі сағат үш болып қалды, түнгі қазақ үйді киіз үйде түсіріп жатырмыз. Түнгі сағат үште таңғы сағат алтыдан бастап сьёмкада жүрдік. Құрманғазы екеуміздің сахнамыз бар, сөзіміз бар, диалог. Ондай енді массалық сахналар болады, арасында отырады. Барлығы енді шаршау шаршап отырғаны түсінікті. Сол кезде Құрманғазы  екеуміз сөзімізді айтып жатырмыз. Жанымызда тып-тыныш сахна ғой енді, тып-тыныш сахнада отырмыз. Бір уақытта бір қыздың қорылдаған дауысы шығады. Артта ұйықтап жатыр. Ол қызық болды. Қорыл кетті. Одан біраз уақыттан кейін кәдімгі массалық сахнада отырған үлкен кісі көз алдымызда ұйықтап жатыр. Енді мынау Құрманғазы екеуміздегі сахна қызық жүріп жатыр. Анаған қарап қалсам ұйықтап жатыр. Ол партнёр ғой, өте қатты әсер етеді. Ана жерде күлейін десең күле алмаймын, не стоп жоқ сондай қызық болған, – деп еске алад Талғат Құрманбекұлы.

Осындай тағылымы мол тарихи киномен қазақ қоржыны тола берсін.


«Әлиханның аманаты» Түркістанда сахналанды
Діни экстремизммен күрес тақырыбы талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу