Тіл – халық қазынасы

Oinet.kz 13-11-2022 318

Биыл «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Тіл үйрету және жаңа технология» тақырыбында семинар өткен болатын. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы, Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараны басқарма басшының орынбасары Әділ Қонысбеков ашып беріп, тілдерді дамытуға арналған шараның маңыздылығына тоқталды.

Screenshot_7.jpg

«Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» - деп Халел Досмұхамедұлы айтқандай, тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілінде. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды. Тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен дарып, қалыптасады. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетінде қадірлейміз. Өткенді, бүгінгіні, болашақ қазынаны тілмен жеткіземіз. Тіл арқылы салт - дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді, қолөнерімізді де сақтап, келесі ұрпаққа бере аламыз. Бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. 

Тіл тағдыры – ел тағдыры. Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті. Тілдерді оқытуда соңғы әдіс-тәсілдер мен инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, жаңалықты қабылдауға қабілетті, өз тәжірибесімен үйлестіріп, өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог болу – қазіргі уақыт талабы. Тілдерді оқытуда жаңа технологияларды қолдану, оқытушылардың тілдерді оқытудағы әдістемелерін жетілдіру, сондай-ақ осы сала бойынша тиімді бағыт беру.

Өзара тәжірибе алмасуға және біліктілікті арттыруды мақсат еткен семинарға аудандық және қалалық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен қазақ, орыс, ағылшын тілі оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасты. Шара барысында өз ісінің нағыз мамандары, тіл ғалымдары шеберлік сағаттарын өткізді. Тілдерді тиімді оқытуға арналған мұндай шеберлік сағаттары алдағы уақытта жалғасын табатын болады. 

Ақпарат үшін айта кетейік, облысымызда 17 аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтары бар. Бұл орталықтарда 15 әдіскер, 30 қазақ тілі, 18 орыс тілі, 24 ағылшын тілі мамандары жұмыс жасайды. Орталық мамандары бүгінде 3087 адамға қазақ тілін, 2019 адамға ағылшын тілін, 1053 адамға орыс тілін оқытып, тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттырған. 

Түркістанда ономастикалық семинар өтті
«Қасқыр ұлыған түн» Созақта сахналанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу