Түркістанда ономастикалық семинар өтті

Oinet.kz 12-11-2022 314

Түркістандағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Ономастикалық жұмыстарды ұйымдастырудағы өзекті мәселелер» атты облыстық семинар өтті. 

Screenshot_6.jpg

Аталмыш шараға Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков пен сала мамандары, облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, ономаст-ғалымдар, зерттеушілер мен тарихшылар, аудандық, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков модератор болып, жиынның маңыздылығына тоқталды. Содан соң Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандитаты, доцент Нағима Қошанова «Ономастикалық атау берудегі заңдылықтар» тақырыбында баяндама жасады. Ал, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Хазрет Тұрсын «Ономастикалық атауларды қалыптастырудағы кейбір мәселелер» атты баяндамасында осы саладағы өзекті мәселелерге тоқталып, шешу жолдарын ұсынды. 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын қатаң басшылыққа алуды насихаттау, тарихи тұлғалар мен тарихи атаулардың мән-мағынасын пайда болу сырларын анықтау, түсіндіру, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада баяндама жасаған спикерлер-ғалымдарға қатысушылар сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты. Бұл шара алдағы уақытта да басқарманың жоспарына сәйкес, көшпелі семинар ретінде өз жалғасын табатын болады.

Түркістанда тіл оқытудың семинары өтті
Тіл – халық қазынасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу