Түркістанда тіл оқытудың семинары өтті

Oinet.kz 12-11-2022 266

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Ересектерді тіл оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Әдістемелік шараға аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен қазақ тілі оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысты.

Screenshot_5.jpg

Аталған шараға Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Бекжігіт Сердәлі модератор болды. Әдістемелеік жиынды Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан ашып беріп, бүгінгі семинардың маңыздылығына тоқталды. 

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақанова «Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыру: инфрақұрылымдар мен тілдік ресурстар» тақырыбындағы баяндамасында қатысушыларға қазіргі тілдің қолданысы мен өзекті мәселелеріне түсіндірді. Сондай-ақ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті, Білім технологиялары кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Түркістан облысындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова «Тіл-мәдени өркендеудің басты факторы» тақырыбында, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық орталығының қазақ, орыс тілдері бөлімінің аға оқытушысы Үржамал Ыбраева «Цифрлық сауаттылық: интербелсенді сервистерді сабақта қолданудың тиімділігі» тақырыбында, Назарбаев Зияткерлік мектебі дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Анар Балтабекова «Грамматиканы тілдік дағдылар аспектісінде оқыту жолдары» тақырыбында, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақанова «Тілді бағалау жүйесі және Қазтест» баяндама жасай отырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Шара барысында келген қонақтар пікір алмасып, семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат табысталды. Сонымен қатар арнайы келушілерге арнап Түркістан қаласында экскурсия ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлық – қауіпті індет
Түркістанда ономастикалық семинар өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу