Сыбайлас жемқорлық – қауіпті індет

Oinet.kz 11-11-2022 247

Түркістан облысы мәдениет басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті. Бұл жиынға басқарма қызметкерлері мен мекеме басшылары қатысты. басқарма басшысы Әзімхан Қойлыбаев «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына тоқтала келе, жемқорлыққа байланысты құқықтық жауапкершілікті атап өтті.

Screenshot_4.jpg

– Өкінішке орай, қазіргі таңда өңірімізде заңсыздыққа жол беру фактілері тіркелгені белгілі. Мұндай қателікке жол берілмес үшін әр мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы түсіндірме жиындарын өткізіп, дұрыс ақпарат берілуі керек, сондай-ақ осы бағыттағы құқықтық оқулар өткізілуі тиіс. Өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып саналады. Жаңа Қазақстанды құру баршамыздың міндетіміз, – деді басқарма басшысы. 

Бүгінде мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Түркістан төрінде балет әртістері өнер көрсетті
Түркістанда тіл оқытудың семинары өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу