Түркістан төрінде балет әртістері өнер көрсетті

Oinet.kz 11-11-2022 253

Облыс орталығына айналған Түркістан қаласы аз уақыттың ішінде жаңарып үлгерді. Бүгінде қала келбетіне сән кіріп, мұндағы әр сала даму үстінде. Соның ішінде мәдениет саласында да жетістіктерді ауыз толтырып айта аламыз.

Screenshot_3.jpg

Жаңадан бой көтерген тамаша ғимараттарға тек қала тұрғындары ғана емес, киелі шаһарға келушілер де тамсануда. Облыс орталығына Елорда төрінен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры арнайы гастрольмен келгенде де осыны тілге тиек еткен болатын. Балет труппасы ашылғанына бір жыл болған Түркістан музыкалық драма театрында екі бөлімнен тұратын бірнеше классикалық туындыны көрсетті. Атап айтсақ, бағдарламада – классикалық балеттерден па-де-де, заманауи отандық және шетел хореографтарының миниатюралары және Н.Римский-Корсаковтың музыкасына бір бөлімді «ШЕХЕРАЗАДА» хореографиялық драмасы көпшілік назарына ұсынылды. 

– Бұл театр ұжымының Түркістанға алғаш келуі. Қысқа ғана уақыт аралығында заманауи түрленген әсем қаланы көргеніме өте қуаныштымын. Театрдың жабдықталуы мен оның бүгінгі заман талабына сай болуы бәрімізді де қатты қуантады. Көрермен көңілінен шығу үшін бірнеше классикалық туындыны біріктіріп алып келдік. Көпшілікке ұнайды деген ойдамын. Өйткені әртістеріміздің кәсіби шеберлігі өте жоғары. Түркістан халқына ұлкен алғыс білдіремін, – деді балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова баспасөз жиынында.

Иә, әйгілі өнер ұжымының екі күнге созылған өнер кеші түркістандықтарды шынында тәнті етті. Балет кешін тамашалауға келген көрермен өнер ұжымына деген ыстық ықыластарын шынайы қошеметтерімен білдіріп жатты. 

Осылайша Түркістан мәдениеті күн санап, жаңа қырынан дами бермек!

Түркістан облысы көш бастады
Сыбайлас жемқорлық – қауіпті індет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу