Түркістан облысы көш бастады

Oinet.kz 10-11-2022 228

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығына сәйкес елімізде республикалық референдум Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өткен болатын.

Screenshot_60.jpg

Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс берді. Яғни бюллетеньде тек бір сұрақ: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?». Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беруі керек болды.

Түркістандықтар мемлекеттік маңызы бар саяси науқанға қатысып, Жаңа Қазақстан құру жолында өз таңдауларын жасады.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, кешкі сағат 22.00-гі ресми ақпарат бойынша Түркістан өңірінде сайлаушылардың 80,66 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Екі миллионнан астам тұрғыны бар өңірде 1,1 млн. астам сайлаушы тіркелген және оларға 914 референдум учаскесі әзірленген.

Өңірде референдумға дайындық жоғары деңгейде жүргізілді. Облыстық қоғамдық штаб құрылып, халықпен 2864 кездесу өткізіліп, ақпарттық-түсіндіру жиындарында 288 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Сонымен бірге, «Amanat» партиясы жанынан құрылған штаб та түсіндіру, үгіт-насихат жұмысын белсене жүргізді. Өңірдегі 914 сайлау учаскелерінде 6500-ге жуық бақылаушы референдумның әділ өтуін бақылады. Референдум учаскелерінде қандай да бір заңсыздықтар мен келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ.

Діни экстремизммен күрес тақырыбы талқыланды
Түркістан төрінде балет әртістері өнер көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу