Түркістанда мәдениет саласына еңбегі сіңген бірқатар азаматтар марапатталды

Oinet.kz 15-11-2022 354

Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев өңір мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Screenshot_10.jpg

Атап айтсақ, марапатталғандар қатарында Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның директор орынбасары Айзада Утегенова, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның қазақ-ұлт аспаптар оркестр әртістері Космонавт Аюбаев пен Баян Ендібаева, Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының әртісі Болат Баймағамбетов, Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайының музыка жетекшісі Раушан Баймұратова бар. 

Сондай-ақ Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның танымал әншісі Айжан Таженов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың алғыс хатымен марапатталды. Жиында сөз алған басқарма басшысы Әзімхан Серікұлы: – Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын. Маусым айында Мемлекет басшысы Ұлытауда өткен жиында дәл осы мерекені ұлттық сипатта атап өтуді ұсынған еді. Биыл еліміздің әр өңірінде кең көлемде мерекеленді. Осындай ауқымды шараларда әрбіріңіздің еңбегігіңіз зор. Түркістанымыз көз алдымызда өсіп келеді. Халықаралық шаралардың да киелі қалада өтуінің мәні зор, – деді.

Түркістанда «Turan Barysy» өтіп жатыр
Райымбек Сейтметов театр ұжымы көрерменді тәнті етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу