Райымбек Сейтметов театр ұжымы көрерменді тәнті етті

Oinet.kz 15-11-2022 251

Румынияның Тырговиште қаласында өткен Халықаралық «BABEL F.A.S.T» фестивалінде Қазақстан атынан қатысып, шет елдегі өнерсүйер қауымның ерекше ықыласына ие болған театр ұжымы 27 қазан күні сағат Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Байғали Есеналиевтің «Ана жүрегі» драмасы сахналады.

Screenshot_12.jpg

Қойылым режиссері - Айдар Наурызбаев, қоюшы суретшісі - Қанат Шериев, композиторы - Қанат Жұмабаев, режиссердің ассистенті - Шәкен Амантуров.

Қойылымда Саадат есімді кейіпкердің Қытайдан Қазақстанға бауыры Аятты іздеп келуімен бастау алады. Қытайда көп балалы болуға шектеу қойылған жылдары Бихан ана бір баласын Қазақстанға беріп жібереді. Уақыт өте келе баласын қанша шарқ ұрып іздесе де таба алмай, соңында Қытай мен СССР арасындағы шекара жабылып, тағдырына мойынсұнады. Қапияда көз жазып қалған бауыр еті баласымен табысып, көрерменді тәнті етеді.

Түркістанда мәдениет саласына еңбегі сіңген бірқатар азаматтар марапатталды
Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында апталық өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу