Түркістандық волейболшылар ел чемпионы атанды

Oinet.kz 21-11-2022 295

Шымкент каласында волейболдан 2008-2009 жылы туылған ұлдар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне республикамыздың барлық аймағынан іріктелген командалар қатысып, өзара жеңімпаздарды анықтады.

Тартысты өрбіген ала доп аламанында Түркістан облысының волейболшылары ақтық сында «Астана» командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша, республикалық чемпионатта екінші орынды елордалық волейболшылар еншілесе, үшінші орынға Жетісу облысының командасы иелік етті. 

Айта кетейік, ел чемпионатында топ жарған Түркістан облысының командасы – облыстық №2 Олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Спортшылар бұған дейін облыстық жарыстарда жүлдегер атанып жүрген сайыпқырандар.

Мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылданады
Қазақстанда ақсақалдар кеңесінің мәртебесі артады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу