Қазақстанда ақсақалдар кеңесінің мәртебесі артады

Oinet.kz 21-11-2022 206

Мемлекет басшысы Атырау облысының жұртшылығымен кездесуде Ақсақалдар кеңесінің жұмысын жандандыруды тапсырды.

Screenshot_24.jpg

«Жалпы, қоғамымызда заң мен тәртіптің үстемдігі болуы қажет. Басқа жолмен ешқандай жұмыс табысты болмайды, тек бос сөз бен жалған ұрандардың астында қаламыз. Әрбір әлеуметтік мәселені қаншалықты күрделі болса да, әсіре саясиландырудың қажеті жоқ. Біз бәріміз бір мемлекет болып, бір қоғам болып кез келген түйткілді шеше алатынымызға ешқандай күмән болмауға тиіс», деді Мемлекет басшысы.

Бұдан соң, ол қазақ қай заманда да үлкенін сыйлаған, ақсақалдардың аталы сөзіне тоқтағанын еске салды.

«Аузы дуалы қарттарымыз әрдайым елдің ұйытқысы болған. «Қариясы бар елдің қазынасы бар» деген сөз содан қалған. Біз халқымыздың игі дәстүрлері мен қазіргі заманның талаптарын үйлестіре білгеніміз абзал. Осы орайда, мен Ақсақалдар кеңесінің жұмысын жандандыру керек деп санаймын.

Шын мәнінде, ел ішінде жастарға ақыл-кеңесін айтып, дұрыс жол сілтейтін данагөй қарияларымыз аз емес. Ақсақалдарымыз өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, ел бірлігін сақтауға атсалысып, ортақ іске зор үлес қосары анық. Ақсақалдар кеңесі барлық аймақта бірдей белсенді емес», деді Президент.

Осы ретте ол Ақсақалдар кеңесінің жұмысын жүйелеп, жандандыру керегін айтты.

«Бәлкім, кеңестерді Ассамблеяның жанына топтастыру дұрыс болар еді. Олардың беделін көтеріп, мәртебесін арттыру қажет. Бұдан еш ұтылмаймыз», деді Қ.Тоқаев.

Түркістандық волейболшылар ел чемпионы атанды
Арыста МӘМС арқылы тегін қызмет көрсететін клиника жұмысын бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу