Облыста кино және анимация туындылары кеңінен насихатталуда

Oinet.kz 02-12-2022 233

Биылғы «Балалар жылына» орай Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Оңтүстікфильм» мекемесі өңірде түсірілген көркем және анимация туындыларын тұрақты түрде насихаттап келеді. Соның ішінде мекеме жоспарына сәйкес Түркістан облысына қарасты аудан-қалаларда және облыс орталығындағы білім ошақтарында кинокөрсетілім өтуде.

Screenshot_44.jpg

Атап айтсақ, осы бағытта мекеме ұжымы қараша айының алғашқы жартысында №24 Мұстафа Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мен №26 Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебінде ұйымдастырды. Аталған оқу ордаларында 600-ден аса білім алушы жергілікті «САҚ» киностудиясының «Тоқты мен Серке», «Ордабасы – бірлік туы», «Күш атасы – Қажымұқан» сынды анимациялық фильмдерін тамашалады. 

«Бүлдіршіндердің саналы ой-өрісінің дамуы жолында отандық мультфильмдердің орны ерекше. Еліміздің жарқын болашағы мен ұлт тағдырына бей-жай қарамайтын, нағыз Отаншыл, ниеттес, мүдделес ұрпақты тәрбиелеу біздің міндетіміз. Осындай шаралар арқылы өз үлесімізді қоса аламыз» дейді ұйымдастырушылар. Бұдан бөлек, «Оңтүстікфильм» мекемесі көркем және анимациялық фильмдерді насихаттау үшін «Балаларға базарлық» апталығын ұйымдастыруда.  Сондай-ақ «Ұлттық кино» жобасы да өз жұмысын жалғастыра бермек. Жыл соңына дейін облысымыздың өзге де орталықтары мен мектеп, балабақшаларында көрсетілетін болады.

Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Айта кетейік, бүгінде мекеме қоржынында облыс әкімдігінің қолдауымен түсірілген «Күш атасы – Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау» анимациялық фильмдері және «Көне жетігеннің сыры» телехикаясы мен «Ұлы Жібек Жолы бойындағы көне қалалар» деректі фильмі,«Ордабасы - бірліктің туы», «Оқсыз оқиғасы», «Түркістан» анимациялық фильмі мен «Төле би» кинохикаясы, «Түркістан құпиялары» сюжетті-деректі фильмі, «Алып күш иесі – Қажымұқан!» деректі фильмі, сонымен қатар 200-дей «Қазақфильм» туындылары бар.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

«Өмір солай» атты спектакль-драммасы көрермендерге ұсынылды
Түркістанда ардагерлер арасында «Жыр жауһарлары» облыстық байқауы өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу