Түркістанда ардагерлер арасында «Жыр жауһарлары» облыстық байқауы өтеді

Oinet.kz 02-12-2022 237

2022 жылдың 23 қараша күні сағат 10:00-де Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 35 жылдығына арналған ардагерлер арасында «Жыр жауһарлары» атты облыстық байқау өтеді.

Screenshot_45.jpg

Негізгі мақсаты ардагерлер қозғалысының белсенділігін арттыру, өнерлі ардагерлердің шығармашылығына қолдау көрсету, алдыңғы толқынның әрбір өнегелі сөзі мен тағылымды еңбектері арқылы ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді дәріптеу, жастарға үлгі ету, ардагерлер арасында халық шығармашылығын жандандыру болып саналады.

Байқауға облысқа қарасты 16 аудан-қаладан (Сайрам ауданынан басқа) өнерге бей-жай қарамайтын талантты ардаргерлер екі бағытта бақ сынайтын болады. Атап айтқанда байқауға қатысушы хор ұжымдары халық әндерін, патриоттық тақырыптағы Қазақстан композиторларының шығармаларын музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен ұсынады. Ал жыр байқауы бойынша белгілі ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді оқитын болады. 

Тәрбиелік мәні зор аталмыш сайысқа хор ұжымдары бойынша еңбек ардагері Әлжанов Тәліп (қазылар алқасының төрағасы), облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Сартаев Ержігіт, Түркістан облыстық «Әжелер алқасының» төрайымы Оспанова Балтагүл, жыр байқауы бойынша ақын, сазгер Әбдіхалық Әбдірайымұлы (қазылар алқасының төрағасы), ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, ақын, облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы қазылық етеді деп жоспарлануда..

Байқаудын ұйымдастырушылары – Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі  мен Облыстық мәдениет басқармасы.  Хор ұжымдары байқауы бойынша «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өтсе, жыр байқауы бойынша «Ұлы дала елі» орталығында өтеді.

Облыста кино және анимация туындылары кеңінен насихатталуда
Наталья Кожабекова – Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша су жаңа өкілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу