Наталья Кожабекова – Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша су жаңа өкілі

Oinet.kz 03-12-2022 345

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.  Бұл құрылым адам құқықтарын мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қол сұғуынан қорғауды, заңнаманың және құқық мирасқорлығы тәжірибесінің дамуын қамтамасыз етуді, ағартушылық бағдарламаларды дайындап, оларды жүзеге асыруды мақсат тұтады.

Screenshot_46.jpg

Омбудсменнің жұмысы БҰҰ-ның бірқатар конвенцияларын ратификациялаған Қазақстан Респубикасының халықаралық міндеткерліктеріне және осыған ұқсас құрылымдардың әлемдік тәжірибесіне сай атқарылады. Сонымен қатар Омбудсмен үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара тығыз қарым-қатынас орнатады. Омбудсмен жұмысының негізгі қағидалары: жариялылық, әділдік және бейтараптық.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі болып тағайындалған Наталья Кожабекованы аппарат отырысында арнайы таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. 

Кожабекова Наталья Сунгатовна 1970 жылы дүниеге келген. 2000 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1989-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында әр түрлі қызмет атқарған. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне +77055074605 арқылы хабарласуға болады.

Арыс қаласында 9 ай ішінде 3 мың адам жұмысқа қамтылған

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова биылғы жылдың  9 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді. Арыс қаласы бойынша осы аралықта жалпы өңірлік өнім көлемі 23,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,6 млрд. теңгеге артып отыр. 

- Арыс қаласында 2022 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнім көлемі есепті кезеңде 4 млрд. 942,7 млн. теңгеге жетті. Ал негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 11 млрд. 900 млн. теңгені құрап, өсім бойынша облыс бойынша көш бастадық. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 17 млрд. 130,2 млн теңгені құрады. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша 3 159 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты, - деді Гүлжан Мамытқызы.

Әкімнің айтуынша, 2023 жылы қала аумағында жылына 50 мың тонна мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт іске қосылады. Жобаның жалпы құны - 11 млрд теңге. Жаңа өндіріс орнында 112 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Бұдан өзге, Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 2 млрд. 265,7 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артқан. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция 1 млрд 360,3 млн. теңгені құрап отыр. Биыл қала бойынша 10 486 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.  Сонымен қатар аймақта жұмыс істеп тұрған апатты және үш ауысымды мектептер де жоқ екен.

Түркістанда ардагерлер арасында «Жыр жауһарлары» облыстық байқауы өтеді
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу