Арыс қаласында әскери қорытынды концерт өтті

Oinet.kz 04-12-2022 307

Арыс 1956 жылы аудандық дәрежедегі қала атанып, 1965 жылдан бері облыстық бағыныстағы қала мәртебесіне ие болып келеді. еліміздегі   ең  үлкен Арыс теміржол торабы дәл осы өңірді көпшілікке танытты десек, қателеспейміз.

Screenshot_47.jpg

1904 жылы теміржол вокзалы салынып, алғашқы   пойыздың   келуімен   қаламыз  тари­хының жаңа кезеңі басталады. Өнеркәсіптің пайда болып, қазақтардан жұмысшы табының  қалыптасуы, алғашқы революциялық   ұйымдар  құрылып, патшалық езгіге қарсы бас  көтеруі осы теміржол  торабының  салынумен тығыз  байланысты. 

Сонымен қатар мұндағы әскери горнизонды ерекше атап өтуге болады. Таяуда ғана әскери горнизон 44859 әскери бөліміндегі «Біріккен жасақтың 2022 жылдың қорытындысына» арнап Арыс қалалық мәдениет үйі өнерпаздары мен Әскери горнизон өнерпаздары бірлесе отырып концерттік бағдарлама өткізген болатын. Кешке келген көрермен рухани сергіп қалды.

Арыста мәдениет саласына қатысты жетістіктер баршылық. Бұл өлкеден елімізге белгілі мәдениет қайраткерлері шыққан. Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі, жезтаңдай опера әншісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Ақжол Мейірбеков, талантты композитор, әнші Ержан Серікбаев, сәулетші Тілеуберді Бинашевтар бар. Сондай-ақ, белгілі жазушы-сатирик, драматург Садықбек Адамбеков, жазушы, драматург Дулат Исабеков, жазушы Нұрғали Ораз, ақындар Қосжан Мүсірепов, Бекен Әбдіразақов, Нәмет Сүлейменовтер де осы қаланың тумалары. Сондықтан бұл аймақта әрбір шараның жоғары деңгейде өтуі де заңдылық.

Ардагерлер арасында «Жыр жауһарлары» облыстық байқауы өтті
Арыстағы балалар кітапханасы әр шараға бей-жай қарамайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу