Отырар ауданында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды

Oinet.kz 26-05-2021 711

Мемлекет басшысының жолдауына орай жергілікті жерлер жүзеге асып жатқан жұмыстар көп. Мәселен, Отырар ауданында «Аrm Wind» ЖШС-і 100 гектар аумаққа 50 МВт күн электр станциясының құрылыс жұмыстарын бастады. Жобаның жалпы құны 14 млрд 700 млн теңге. Станция жұмысы толық аяқталғанда тұрақты 50 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

image.png

Сондай-ақ, ауданда биыл «Тансари ТредингА» ЖШС-ң жоғарғы сұрыпты бақша өнімдерін өндіру кешенінің құрылысы басталады. Жоба құны 1 млрд 700 млн теңге. Онда тұрақты 153, ал маусымдық 350 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңда жобаны

кәсіпкерлерді қолдау картасына енгізу жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2023 жылы Қарғалы ауыл округіне қарасты ауданның индустриалды аймағында іске қосылмақ.

Сонымен қатар, 2020 жылдың қорытындысымен аудандағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлық деңгейі 63,9 пайызды құраған. Биыл жергілікті бюджет есебінен 252 млн теңгеге 21 ішкі көшеге орта жөндеу жұмыстары жүрмек. Өткен жылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында туристік бағыттағы күрежолдың бойын абаттандыру жұмыстарын басталған. Биыл осы мақсаттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Шардаралық ардагерлер жаңарған Түркістанды тамашалады
Қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу