Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің символы

Oinet.kz 04-06-2021 1006

Screenshot_11.png

4-маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күні. Аталған мерекеге орай Шымкент қаласында «Біздің ту, Біздің ел таңба, Біздің әнұран» атты акция өтті. Онда волонтерлар мен студенттер шаһарды аралап, мемлекеттік әнұранды орындап, қала тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлады. Аталған шараны «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.

Аталған акцияның мақсаты- қала тұрғындары мен жастарға мемлекеттік рәміздерді, әнұранды қосылып шырқау арқылы патриоттық сезімді ояту. Сондай-ақ қала тұрғындарына көңіл-күй сыйлау. Шара барысында жастар қолына шар мен жалауларды ұстап, шаһарды аралап, мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтады.

Шара барысында  арнайы футболка киген жастар, қаланың адам көп шоғырланатын көшелерінде мемлекеттік әнұранды орындады. Сонымен қатар көшедегі жаяу жүргіншілерге рәміздер туралы түрлі сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлықтарын тарту етті.  Мерекелік шеруге Jas Otan  жастар қанаты және үкіметтік емес ұйымдар мен жоғары және орта оқу орындарының студенттері қатысты.

Айтып өтейік, мемлекеттік рәміздерді қабылдауда Елбасының рөлі ерекше. Әнұран мәтініне жекелеген түзетулер енгізді. Термин сөздердің қазақ тілінде пайдалануына баса назар аударды. Соның нәтижесінде «елтаңба», «әнұран», «рәміз» сөздері бүгінде кеңінен қолданылып жүр. Содан бергі кезеңде Қазақстанның мемлекеттік туы олимпиадалар мен түрлі халықаралық спорт жарыстарында талай мәрте желбіреп, Әнұранымыз да ойналуда.


Автокөлік шеруі жолға шықты
Жастар велошеру ұйымдастырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу