Жастар велошеру ұйымдастырды

Oinet.kz 04-06-2021 914

Screenshot_12.png

«Елбасы медалі» жоба жастары рәміздер күніне орай велошеру ұйымдастырды. Шараға 14 пен 29 жас аралығындағы 50 ерікті ат салысты. Олар қаладағы дендросаябақта көк байрамызды қол алып, екі айналым жүріп өтті. Жастарды салауатты өмірге баулуға бағытталған жиын барысын тілшіміз тарқатсын.

Жиынның әлқиссасы әнұранмен басталды. Қазақтай дархан елдің кеңдігі мен елдігі жастар жағы осылай жырлады.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды. Шараға мұрындық болған «Елбасы медалі» жобасы. Ұйым мүшелері қала тұрғындарына осылайша мерекелік көңіл күй сыйлады.

"Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді. Осы тұста қала тұрғындары Мемлекеттік рәміздердің маңызын қаншалықты біледі, байқап көрдік,- дейді «Елбасы медалі» жобасының Шымкент қаласындағы ментрі Құрмет Керімбеков.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба Қазақстанның барлық ірі облыстарында жалғасын табады. Жобаның мақсаты  балалардың тұлғалық және физикалық дамуына ықпал ету. Шымкент қаласы бойынша осы бағытта 35 орталық жұмыс істейді.  Ондағы 1050 бала «Елбасы медаліне» үміткер екен.

Қатысушыларды ынталандыру мақсатында жоба 3 деңгейде қарастырылған. Велошеру соңында ептілігімен көзге түскен белсенділер алғыс хатқа ие болды.  Ұлттық рухқа үндейтін мұндай шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылады, дейді жастар қауымы. 


Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің символы
Халық мұрасы-халық қазынасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу