Халық мұрасы-халық қазынасы

Oinet.kz 04-06-2021 1012

Screenshot_13.png

"Халық мұрасы-халық қазынасы". Осындай атаумен шымкенттегі «Көрме» орталығында ұлттық қолөнершілер жәрмеңкесі өтті. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде өткен жәрмеңкеге түрлі қол-өнер бұйымдары, қыз жасауы, зергерлік бұйымдар көптің назарына ұсынылды. Осылайша атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық өнер жаңғырды.

Түрлі нақыштағы құрақ көрпелер, ағаштан тұтас ойылған бұйымдар, сан түрлі әшекейлер келушілердің көзайымына айналды. Көздің жауын алатын заттардың барлығы шымкенттік шеберлердің қолынан шыққан. 40 қа жуық қатысушылар өз өнімдерін ұсынып ғана қоймай, өз ара бақ сынасты. Арнайы құрылған қазылар алқасы үздіктерді анықтап, шеберлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Гульмира Жомартаева ағаштан түрлі бұйымдар жасайтын  шебер. Оюмен өрнектелген қыз жасауы, тойбастар ыдысы  мен  қобдишаларына сұраныс жоғары. Себебі барлық заттары сыйлық ретінде тарту етуге жарайды. Қазақы нақыштағы бұйымдарды дәріптеген шебер өнерін осылай табыс көзіне айналдырып отыр. Тіпті шеберханасына 4 адамды жұмысқа алған. 

"Әр заттың өзінің жасалу жолы дизайны арнайы бөлінген уақыт арнайы жұмысшы балдар  бар. Біз қазақы стильде қазақша заттарды өндіруге көп ойлаймыз. Өзізіміздің ұлттық нақышта шкатулкалар бар",- дейді шебер.

Өскелең ұрпаққа аса бай мұраны дәріптейтін шараның жастарға берері көп. Себебі, бұл бастама жастардың ұлттық өнерді ұлықтауға үндейді. Осыны мақсат тұтқан шара кезінде қолөнершілер өз білгендерімен бөлісті. Ұйымдастырушылар берері мол көрменің алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын айтуда.


Жастар велошеру ұйымдастырды
«Nur Otan» партиясының жоспары талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу