Түлкібаста «Дәрігерлер аллеясы» ашылады

Oinet.kz 15-06-2021 579

1.jpg

Түлкібас ауданы Жаскешу ауылдық округіне қарасты Оңалбеков атауы берілген жаңа құрылыс көшесіне ауыз су және газ құбыры тартылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тарқатып айтатын болсақ, аталған көшенің 39 газ тартылмаған және 85 ауыз су құбыры тартылмаған жаңадан соғылған тұрғын үйлерге ауыз су мен газ құбыры тартылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Алдағы уақытта жаңа көшеге асфальт төсеу жұмыстары да бастау алмақ. 

Аудан әкімі Нұрлан Байғұт жұмыс сапарын Жаскешу ауылынан бастап, ауыз су және газ құбыры тартылған Оңалбеков көшесін аралап, іске асқан жұмыстардың сапасын бақылады. 

Келесі кезекте аудан басшысы облыстық маңызы бар Балықты-Абай жол бойындағы Көкбұлақ өзені үстінен өтетін көпір құрылысының барысын бақылады. 

Облыстық салалық басқарма тарапынан жүзеге асып жатқан көпір құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілуі жоспарлануда. Аудан әкімі құрылыс нысанын аралау барысында жергілікті ақсақалдармен кездесіп, ұсыныс-өтініштеріне құлақ асты.

Нұрлан Мархабатұлы аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендердің бірі Абай ауылына табан тіреп, орталық көше бойында жүргізіліп жатқан аяқ жол мен түнгі жарықтандыру шамдарының сапасын бақылап, орын алған кемшіліктерді жою бойынша тиісті бөлім басшысына тапсырма берді.

Абай ауылынан кейін аудан басшысы аудан орталығына келіп, Тұңғыш Президент саябағы маңындағы бой көтеріп жатқан «Дәрігерлер аллеясының» құрылыс жұмыстарын бақылады. Ақ халатты абзал жандардың құрметіне бой көтеріп жатқан нысан 17 маусым күні медицина қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында ашылмақ. Бұл жерде аудан тұрғындарының демалып, бой сергітуі үшін 500 шаршы метр аумаққа 8 дана ыңғайлы орындықтар, түнгі жарықтандыру шамдары орнатылған. 69 дана арша, аққайын көшеттері отырғызылып, газон егілген. 

Аудан орталығынан кейін аудан басшысы Абайыл ауылында аялдап, ауыл тұрғындардың өтінішіне сәйкес іске асып жатқан Қасымбеков көшесінің орташа жөндеу жұмысын бақылады. 1 шақырымнан асатын жолды жөндеу жұмыстары бүгінде 90 пайызға аяқталған. Нысанды аралау барысында Нұрлан Мархабатұлы біршама кемшіліктерді анықтап, мердігер мекеме өкіліне реттеуді тапсырды.

Жұмыс сапарын аудан әкімі Жабағылы ауылынан тәмәмдады. Бұл жерде Нұрлан Мархабатұлы елді мекеннің кіре берісінен бой көтеріп жатқан арка құрылысының бүгінгі жай-күйімен танысты. Ені 18 метр, биіктігі 7 метрді құрайтын сәулетті нысанда облысымыздың мақтанышы саналатын «Ақсу-Жабағылы» қорығының атауы жазылмақ. Құрылыс жұмыстарын бақылаған аудан басшысы ауа-райының қолайсыз тұстарын ескеріп, орындаушы мердігерге нысанның сапалы болуын және мерзімінде аяқталуын ескертті.


Мектептер мен балабақшаларға баратын жолдардың жарық болуы шарт
«Майлыкент-Сүт» өнімдеріне сұраныс жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу