«Майлыкент-Сүт» өнімдеріне сұраныс жоғары

Oinet.kz 14-06-2021 886

2.jpg

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Азаттық ауылындағы «Майлыкент-Сүт» кәсіпорнының өнімдері көршілеас Жамбыл, Қызылорда облыстарыныңы нарығына да шығарылуда. 

  «Майлыкент-Сүт» ауылдық өндірістік корперативі 2007 жылы ресми түрде тіркеліп, өндіріске қажетті құрылғылар мен техникаларды жинауды бастаған. Тек 2014 жылы ғана өңдеу цехы толықтай құралып, қарқынды жұмыс жасауға дайын болады. АӨК директоры Ниязбек Сауытбековтың айтуынша, бүгінгі таңда 60 адамды толықтай жұмыспен қамтып отыр. Олар Т.Рысқұлов, Азаттық, Көксағыз ауылдары мен Түлкібас поселкесінен келіп, қызмет жасайды. Аудан көлеміндегі әр шаңырақтан, шаруа қожалықтарынан сүтті жинап, заманауи өңдеу технологиясы арқылы сүттен құрт, ірімшік, қаймақ, айран, сыр, брынза секілді онға жуық дайын өнім алады. Әр ауылдан сүт жинайтын азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенімен, әр отбасы сүтті өткізу арқылы үйіне кіріс кіргізіп отыр. Демек, жоғарыдай айтылған 60 жұмысшыға бейресми түрде ауданымыздың әрбір жанұясынан бір адам қосылып отыр деген сөз. Ниязбек Саттарбекұлы басқарып отырған өндіру цехы, жалпы аудан халқын жұмыспен қамтып отыр деуге де негіз бар. 

Жылына 100 мың тоннаға жуық дайын өнім өндіретін жұмыс орыны толықтай жаңа технологиялармен қамтылған. Олардың барлығы Ресей Федерациясынан алынған. 

Н.НЫШАНБАЙ.


Түлкібаста «Дәрігерлер аллеясы» ашылады
Түлкібаста 16 905 азамат екпе салдырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу