Жастар саясаты жүйелі орындалуда

Oinet.kz 10-10-2021 306

Screenshot_8.png

Қай кезді алып қарасақ та қоғамның қозғаушы күші – жастар. Ал жастар саясаты тәуелсіз Қазақ елінің басты басымдықтарының бірі. Рас, еліміз егемендіктің елең-алаң шағынан бастап жастар саясатын мемлекеттің басым бағыты ретінде белгілеген. 

Осы ретте Шымкентте биыл қаладағы үш ауданда жастар орталығының бөлімшелері ашылды. Биыл 900-дей жасқа жалдамалы баспана беру жоспарланған. Жұмыспен қамту мәселесі назардан тыс қалған емес. 2021 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларына қамтылған жастар саны 7 269-ды құрады. Жастар ресурстық орталығы тарапынан қаладағы мекемелер мен кәсіпорындарда 100-ден астам бос жұмыс орынды анықтап, 84 пробация есебінде тұрған жас жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек және студенттік құрылыс жасақтарының маусымдық жобасы аясында 1 200 жас шілде-қазан айлары аралығында уақытша жұмыспен қамтылды. Олар қаламыздың орталық көшелерінде абаттандыру, тазалау, қопару, жұмыстарын ұйымдастырып, сыртқы айналма жолдардың жағалауларын тазалау шараларын жүргізді. 

"Жастар ұйымының көмегімен 2 325 жастың тізімі жасақталып, жұмыспен қамту шаралары, құқықтық кеңес беру, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, кәсіппен айналысып жүрген 12 жас арасында бизнес-жоба жасау барысында сүйемелдеу шаралары ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге арналған 26 кездесу, 5 семинар-тренинг, 9 практикалық оқыту ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап «Жастардан жастарға ақпараттық керуен» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл қаламыздағы 15 шалғай аудан жастарын қамтып үлгерді. Жобаны ұйымдастыру барысында 6500 жас арасында мемлекеттік бағдарламаларды ақпараттандыру шаралары жүзеге асты. Кәсіпкерлікпен айналысып жүрген 11 жастың құжаттарын рәсімдеуге сүйемелдеу шаралары атқарылып, 65 жастың құжаттарын тұрғын үйге кезекке тіркеуге көмек көрсетілді және 48 жасқа бос жұмыс орындарына жолдама берілді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда жұмыссыздықтың алдын алу бағытында ең ұтымды атқарылған шаралардың жемісі. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады, - дейді қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев.


Басқарудың жаңа нысандары түсіндірілуде
Жәрмеңке онлайн-форматта өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу