Жәрмеңке онлайн-форматта өтті

Oinet.kz 21-10-2021 923

1.jpg

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Сарыағаш ауданы әкімі аппараты тарапынан халыққа мемлекеттік қызметтерді алу туралы практикалық көмек және кеңес беру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында онлайн-форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шара Сарыағаш ауданы әкімдігінің Facebook парақшасының тікелей эфирі арқылы өткізілді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тікелей эфирде өткізілген жәрмеңке барысында әлеуметтік желі қолданушылары білім беру, дипломмен ауылға бағдарламалары, спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалар жөнінде жауапты мамандар арқылы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алды.

Жиын барысында, Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің басшысы Е.Мусаев «Электронды қызмет түрін қолданушылар жыл сайын артып келеді. Сондықтан мұндай жәрмеңкелер өткізудің халыққа тигізер пайдасы мол. Сол себепті, қызметтерді электрондық форматта көрсетуді насихаттау бойынша және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын басқа да бөлімдер мен мекемелерді қатыстыра отырып, онлайн форматтағы жәрмеңке алдағы уақытта да өткізілетін болады»,-деді өз сөзінде. 

Айта кетсек, жәрмеңкеге 101-ден аса желі қолданушылары қосылып, түскен барлық сұрақтарға тікелей эфир барысында тиісті мамандар тарапынан толыққанды жауаптар берілді.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде мемлекеттік қызмет жәрмеңкесінің маңызы, тиімділігі мен сапасы жөнінде айтылды.


Жастар саясаты жүйелі орындалуда
"Рухани керуен Түркістанда» акциясы Сарыағашта жалғасты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу