«Саялы Сарыағаш» киелі Түркістанда

Oinet.kz 17-10-2021 552

3.jpg

Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Түркістан облысының аудан, қалаларында түрлі мәдени іс-шаралар өтіп жатыр. Осы іс-шараларға өнерлі өлке есептелетін сарыағаш ауданы да белсенді түрде атсалысуда.  

Жуырда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблінің жеке шығармашылық кеші өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Салтанатты кешке Қазақстан Республикасы  Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Ардақ Балажанова мен Қазақстан Республикасның Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші, домбырашы Айгүл Қосанова қатысып, өнер көрсетті. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Сарыағаш ауданы әкімі Мұхит Отаршиев, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев және зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты. Шара жоғары дәрежеде өткізіліп, көптің қошеметіне ие болды.

Айта кетері, Сарыағаш аудандық Мәдениет үйінің «Саялы Сарыағаш» ұлт-аспаптар ансамблі  2019 жылы «Жылдың үздік көркемөнерпаздар ұжымы» аталамының игері болған. Аталған өнер ұжымы 1996 жылы құрылған. 


"Рухани керуен Түркістанда» акциясы Сарыағашта жалғасты
Сарыағашта ауыз су қондырғылары жаңартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу