Сарыағашта ауыз су қондырғылары жаңартылды

Oinet.kz 15-10-2021 570

4.jpg

Сарыағаш ауданындағы елді мекен тұрғындарының пайдаланатын ауыз судың көзі  ұңғыма суы болып табылады. Ұңғыма суына орнатылған мембрана қондырғысының ауыз су сүзгіштері істен шығуына байланысты тұрғындарға таза ауыз су берілуі тоқтатылған болатын. 

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылы аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Ақжар елді мекенінде орналасқан ауыз су қоймасындағы мембраналық қондырғының 9 дана су сүзгіштері (фильтр) орнатылып, ауыз су жинайтын мұнарада пайда болған ақаулар қалпына келтірілді. Қазіргі таңда Ақжар елді мекенінің тұрғындарына мембрана қондырғысы арқылы таза ауыз су тұрақты берілуде.

Айта кетері, жуырда халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Жалпы, ондаған жылдар бойы қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан, ауыз су мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Сондықтан, Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндет,-деп атап өткен болатын. 

Сарыағаш ауданында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Ауыз сумен қамту үлесі бүгінгі таңға 56,3 пайыз  болса, үстіміздегі жылдың соңына дейін 2 елді мекенге таза ауыз су беріп, қамту үлесін 56,3 пайызға жеткізу жоспарлануда. 


«Саялы Сарыағаш» киелі Түркістанда
Кеңесте атқарылар жұмыстар сараланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу