Ата кәсіпті қолға алды

Oinet.kz 18-11-2021 5572

Screenshot_12.png

Шымкент қаласының тұрғыны Ботагөз Иманова жылқы шаруашылығымен айналысуды ұйғарды. Ол «Бастау Бизнес» курсын оқып, оқуды аяқтағаны туралы сертификатты алып, «Shymkent-Atameken» микроқаржы ұйымына жүгінді. Оның «Жылқы шаруашылығын құру және дамыту» жобасы мақұлданды. Жақында кәсіпкер 7 жыл мерзімге жылдық 6 %-бен 18 миллион теңге несие алды.

Қарыз қаражатына Ботагөз Иманова 40 жылқының аналық басын сатып алуды жоспарлап отыр. Өнімнің басты түрі ретінде Шымкент қаласының және Түркістан облысының жақын маңдағы аудандарының басқа шаруашылықтары мен халқына жылқы, жылқы еті мен бие сүтін сату болжанады. 3 жұмыс орны құрылады.

«Жобаны іске асыру үшін фермерлік шаруашылық ұйымдастырылып, Шымкент қаласындағы қолда бар қошара пайдаланылатын болады, ал қажет болған жағдайда жайылымдық жерлер қосымша жалға берілетін болады. Бұдан басқа, 12 ай жобаның негізгі қарызын төлеу бойынша жеңілдікті кезеңі бар, сондай – ақ сыйақы төлеу бойынша да осынша уақыт. Жалпы, жоба – жоғары рентабельді, бұл кәсіпкерге пайда табуға және несиесін уақтылы төлеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Shymkent-Atameken» МҚҰ менеджері Нұржан Нақыпбеков.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы жанынан микробизнесті несиелеу үшін микроқаржы ұйымы құрылды. «Бастау Бизнес» бағдарламасының оқуды аяқтағаны туралы сертификаты бар және өз жобаларын қорғаған тыңдаушылары жылдық 6% - бен қарыз ала алады.

Шағын несиені 5 жылға дейінгі мерзімге, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін - 7 жылға дейінгі мерзімге рәсімдеуге болады. Қарыздың ең жоғарғы сомасы -8 мың АЕК (23,2 млн.теңге). Жаңа бастаған кәсіпкерлерде шағын несие алу үшін бизнес түрлері бойынша шектеулер жоқ. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында ағымдағы жылы 1,5 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған.

Несиеге өтінім беру үшін тұрғындар «Бизнеске арналған үкіметке» «Бастау Бизнес» жобасын сүйемелдеу жөніндегі консультанттарға жүгіне алады.


Шымқалада медициналық жиһаз өндіріледі
Кедергілерге жол жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу