Кедергілерге жол жоқ

Oinet.kz 18-11-2021 5534

Screenshot_13.png

Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға барынша күш салынуда. Ал кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптасуда. Яғни кәсіпкерлердің алдынан шығатын түрлі кедергілерге жол жоқ. 

Шымкент қаласы бойынша бизнес-омбудсменнің өңірлік офисі жүйелі мәселелер бойынша да, жекелеген жағдайлар бойынша да салық саласында бизнесті қорғау бойынша жұмыс жүргізуде.

Осылайша, өңірлік кеңсеге "Шымкентмай-Доня" ЖШС ҚҚС артуының расталған сомасын қайтару мәселесі бойынша көмек көрсету туралы жүгінді. Салықтық тексеру актісінің негізінде салық органы бюджеттен қайтарылуға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын растады. Серіктестік салықтық тексеру актісімен расталған ҚҚС қайтару туралы салықтық өтініш берді. Алайда кәсіпкерге ҚҚС бюджеттен қайтарылмаған, бұл кәсіпкердің қаржылық жағдайына теріс әсер еткен.

Бұл мәселені шешу үшін өңірлік кеңсе Шымкент қаласының МКД-мен бірлесіп мәселені егжей-тегжейлі пысықталды. Шымкент қаласының МКД-мен бірлескен жұмыстың нәтижесінде салық органы кәсіпкердің банктік есеп шотына ҚҚС қайтаруды жүргізді.

"Жалпы, бүгінгі таңда салық саласындағы бизнес мәселелері бойынша уәкілетті органдармен жедел өзара іс – қимылды жетілдіру бойынша тиісті тәсілдер әзірленді және осы бағыттағы жұмыс жалғасуда–деп түсіндірді Шымкент қаласындағы бизнес-омбудсменнің өкілі Сабира Адамбекова.


Ата кәсіпті қолға алды
Танымал кәсіпкерлер дәріс өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу