Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 1,6 есеге артты

Oinet.kz 15-06-2022 309

Screenshot_7.jpg

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 4 жыл толды. Осы қысқа уақыт ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсарып, барлық салада өсім сақталған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  Орталық коммуникациялар қызметінде хабарлады. 

– 5 маусымда елімізде референдум өткізіліп, мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Түркістан облысының дауыс беруге құқылы тұрғындарының 80,6 пайызы референдумға қатысып, өңір бұл көрсеткіш бойынша бірінші орынға шықты.  Референдум қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасап, нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысының бастамалары мен реформалары еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Жалпы, Түркістан облысы құрылғалы бері 4 жыл уақыт болды. 2018 жылмен салыстырғанда осы төрт жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң үрдісі айқын аңғарылды. Атап айтқанда, жалпы өңірлік өнім көлемі 1,6 есе артып, 2,8 трлн. теңгеге жетті. Өнеркәсіп  өнім   көлемі  1,6  есеге  артып, 707,8 млрд. теңгеге жетсе, ауыл  шаруашылығы  өнімі   1,7  есеге артып, 906,5 млрд. теңгені құрады. 823,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2018 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсті. Облыс  бюджетінің көлемі 1,7 есеге артып, 970,3 млрд. теңгені құрады. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде биылғы 5 айда оң өсім сақталды, – деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 32 млрд. теңге құрайтын, 44 жоба іске қосылып, нәтижесінде 2368 жұмыс орны ашылған. Биыл құны 4,2 млрд. теңгені құрайтын 6 жобаны іске қосу арқылы 246 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазіргі таңда 793 млн. теңгеге 2 жоба іске қосылып, 36 жұмыс орны құрылған. Өңірде Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі қарқынды жалғасып жатыр. 

Түркістан облысы шағын кәсіпкерлікті дамытудан көш басында тұр
«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу