Қарабұлақта онкүндік іс-шара қорытындыланды

Oinet.kz 28-06-2022 422

Screenshot_11.jpg

Бүгін аудан әкімінің бастамасымен Қарабұлақ ауылдық округінде басталған «Ауыл – ел тірегі» аясында онкүндік іс-шараның қорытындысы өтті. 

Осы қорытынды кездесуді аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушысы Мадияр Оразалиев аудандық мәслихаттың депутаттары, дербес бөлім басшылары және тұрғындар қатысты. 

Ауылдық округінің әкімі К.Абдилахатов ауыл округінде «Ауыл - ел тірегі»  онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес, атқарылған жұмыстардың өз деңгейінде орындалғанын және берілген уақыттың тиімділігін де пайдалана алғанын жеткізді. 

Өз сөзінде ауыл аумағында жоспарланған жұмыстардың көбі жергілікті ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен және халықтың асар жолымен жүргізілгенін тілге тиек етті.  

Бірқатар көшелерді абаттандыру, жарықтандыру жұмыстарынан басталды. Атап айтқанда, ауылдық округінің кіреберісіндегі жолбарыс бейнесінің мүсіні және ауыл атауы қалпына келтірілді.

3 көшеге қарасты аркаларының атаулары қайта жазылса, осы көшелердің бойларындағы электр бағаналары сырланып, әктелінді. 4 көшенің аялдамалары ретке келтірілді. 

А.Низамов көшесіндегі балалар алаңшасының аумағы тазаланып, қоршаулары мен ойын жабдықтарына сырлау жұмыстары жүргізілді. 

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б.Нишанкулов және А.Матаевтардың қолдауларымен Махмуд баба және С.Сейфуллин көшелеріндегі тозығы жеткен 40 дана электр бағанасы ауыстырылды. 

Шымкент қақпа көшесі бойындағы мазаратта аталған көше тұрғындарының қатысуымен сенбілік өткізіліп, мазарат аумағы  тазартылып,  қақпалары сырланды.

Осы жұмыстардан бөлек, жол кеңейту мәселесіне де назар аударылған.   

Хамза көшесінің тұрғындары тарапынан бұлақ көзін абаттандыру,  С.Сейфуллин көшесіндегі арықтарды тазалап, жолдарды кеңейту үшін тас төселген.  

Бұдан басқа, С.Сейфуллин көшесіндегі ескірген 6 дана электр бағаналары ауыстырылып, көшенің 350 тұтынушы жарықпен қамтамасыз ету сапасы арттырылды.

Әулиекөл көшесінда жол 2,5 метрге кеңейтіліп, жалпы 10 ауыр жүк көлігімен тас төселді. Ал, Х.Алимжан көшесінің жылдар бойы заңсыз иеленіп алған азаматтармен келіссөздер жүргізу арқылы 300 метр шамасында жол кеңейтіліп, 1,1 шақырым жолға тас төсеу жұмыстары атқарылды. 

Қарабұлақ ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Акатаев Алимардан тарапынан Т.Халикулов көшесіндегі  көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  жолға 100-ге жуық ауыр жүк көлігімен тас төселді. 

Ауылдық округінің әкімі тұрғындарының қураған өрік ағаштарын алып тастау туралы өтініштерін ескере отырып, тиісті мекемелердің рұқсат берілген хатына сәйкес, сенбілік ұйымдастырылып, қураған ағаштар түбімен алынып, орнына 250 дана жеміс ағаштары отырғызылды.

Күз мезгілінде қосымща 1500 дана көшет отырғызу жұмыстары жоспарланып отыр. Т.Рүстемов көшесі бойына демеушілер тарапынан 2050 дана гүл отырғызылды.

Х.Алимжан және Достық көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануына орай,  жолдар кеңейтіліп, сондай-ақ кедергі келтіретін ағаштар алынып тасталды.     

Қазіргі жаз айында тұрғындар мен шаруа қожалықтары ағын суды қажет етуіне байланысты, өз аумақтарында канал және арық-атыздарды тазалау жұмыстарына біркісідей атсалысты. Жалпы алғанда, 7 шақырымға жуық канал және арықтар тазаланды. 

Ауылдың 3 көшесіне су науалары орнатылды. Ал, «Сайқарабұлақ» және «Тесік» каналдарының 1 шақырым аумағын құрайтын бөлігін «Ақсу» МКК-нің көмегімен механикалық тазалау жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, «Закира» каналын және арықтарды механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді. «Қамқорлық» бағдарламасына енгізілген 5 отбасыға қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды.

Ауылдық мәдениет үйінде Балаларды қорғау күніне орай, «Бақытты балалық» іс-шарасы және Қонаев колледжі жастары мен  «Қоғамдық келісім» КММ-нің мүшелерімен ұлтаралық достықты нығайту бойынша кездесу өткізілді.

Ауыл әкімі баяндама соңында алдағы уақытта ауылдың аумағын абаттандыру, сумен қамту және салық көздерін ұлғайту мәселелері бойынша тиісті жұмыстарын жалғастыратынын айтты. 

Ауыл округінің аумағы үлкен және халқы тығыз болғандықтан, салалар бойынша атқарылатын жұмыстар мен шешімін қажет ететін мәселелердің де саны артып отырады.   

Осы орайда, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Нұрлыбаев аудандық бөлімдер тарапынан нақты атқарылған 37 іс-шараға тоқталды.   

Кездесу соңында Мадияр Мұхтарұлы ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерге, халық қалаулыларына өзінің ризашылығын жеткізіп, бірқатар азаматтардың белсенді еңбектерін ескере отырып, алғыс хаттармен марапаттады. 

Мұнан соң ауыл ақсақалдары басшыларға ақ баталарын беріп, жақсы тілектерін тіледі. 

Сайрамда ауыл шаруашылығы саласында жетістік көп
Ақбұлақтықтар талап бар жерде тірлік бар екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу