​Аудан әкімі Ақбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Oinet.kz 12-07-2022 752

Screenshot_13.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесу өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековатың Ақбұлақ  ауылының тұрғындарымен ардагерлер саябағында кездесуі өтуде.

Кездесу жиынында аудан әкімі Ақбұлақ ауылы тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Атап айтқанда Ақбұлақтық тұрғындар ауылға жаңа мектептің қажеттілігі, ашабар мәселесі, жаңадан салынып жатқан үйлерге құбыр жүргізу керек деген мәселелерін жеткізді.

Әрбір тұрғынның қойылған сұрақтарына жеке-жеке жауап берген аудан әкімі  сала бойынша орынбасарлары мен тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына және ауыл әкіміне мерзімін белгілеп, нақты тапсырмалар жүктеді.

Кездесу барысында аудан басшысы Ақбұлақ ауылы тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, арнайы хаттама түзіліп, әрбір мәселені шешу бойынша жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Ақбұлақтықтар талап бар жерде тірлік бар екенін айтты
Сайрамдық өнертапқыштың мерейі үстем болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу