Ақтөбе және Шілік ауылының тұрғындары аудан әкіміне талап-тілектерін жеткізді

Oinet.kz 10-06-2022 327

Screenshot_3.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес жыл көлемінде барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері тұрақты түрде өткізілетін болады. 

Осы орайда бүгін халықты толғандыратын өзекті мәселелер қозғалып, оларды шешу жолдары қарастырылатын осындай келелі жиын Созақ ауданы, Ақтөбе және Шілік ауыл округтерінде өткізілді. Аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановпен кездесуде жиналған тұрғындарға ауданда бұған дейінгі атқарылған жұмыстар бейнебаян арқылы таныстырылса, аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағынан даму қорытындысы мен биылғы жылға белгіленіп отырған міндеттер туралы баяндады.

Ырысы мол ынтымақ пен берекелі бірлікті ту етіп, қолдарына берік ұстаған қос ауыл округінің халқы еселі еңбекті еншілеп, істің көзін табулары арқылы табысқа қол жеткізіп келеді. Бүгінгі озық технологияны тиімді пайдаланып, бір жерден екі өнім алу әдістерін меңгерген ағайындарды еңбекке деген құлшыныстары, қызығушылықтары сүйсінтпей қоймайды.

Мағынасы да мәнді өткен жүздесуде ауыл тұрғындары өздерінде атқарылу кезегін күтіп тұрған өзекті мәселелерді сұрақ-жауап бөлімінде іркілмей қозғай білді. Жайылымдық жерлердің жай-күйі, салауатты өмір салтының берік кепілі денсаулық пен спортты дамытып, өркендету секілді тағы да басқа мәселелер сөз болды. Тұрғындардың сөз еткен мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қойылған сауалдарға тиянақты жауап беріп, оларды алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешу жолдарын қарастыратығын жеткізді. Аудан әкімі аппаратындағы жауапты мамандардың ауылдардағы қордаланған мәселелер жөнінде мәліметтер жеткізгендігін мәлімдеген С.Сұлтанханов әр ауылдың тыныс-тіршілігін халықпен бетпе-бет кездесіп, өз ауыздарынан естігенді жөн санағандығын сөз етті.

Кездесулерден соң аудан әкімі ауыл тұрғындары жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың көкейлерінде жүрген көптеген мәселелерге байланысты тиісті заң шеңберінде түсіндіріліп, жауаптар берілді. Қос ауыл округінде өткізілген келелі жиындарда ардагерлер қауымы Сәкен Асылханұлының жауапты қызметіне табыс тілеп, ақ баталарын берді.

Сайрамдық өнертапқыштың мерейі үстем болды
Көксарайдағы игілікті істер жалғасын табады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу