Аудан басшысы темірліктермен кездесті

Oinet.kz 09-06-2022 224

Screenshot_5.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес жыл көлемінде барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері тұрақты түрде өткізілетін болады. 

Осы орайда Отырар ауданының аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың ауыл тұрғындарымен кездесуі  түс ауа Темір ауыл  округінде жалғасын тапты. 

Кездесуде тұрғындар ауданда атқарылған жұмыстарды бейнеролик арқылы тамашалады. Сонан соң аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде биыл атқарылатын істерге қысқаша тоқталып өтті.

Тоғыз жолдың торабы Темір ауылында жолдар мен көшелер толық жөндеуден өткен. Бұдан бөлек абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары да қолға алынған. 

Кездесудің сұрақ-жауап бөлімінде тұрғындар жабық спорт кешенін салу, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, жайылымдық жер, табиғи газ секілді мәселелерді ортаға салды. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, алдағы уақытта мәселелерді шешу жолдарын қатастыратындығын жеткізді. Сондай-ақ кездесуде қозғалған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына қатаң бақылауды ескертті.

Кездесуден соң аудан әкімі ауыл тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көкейде жүрген сауалдарына заң шеңберінде жауап берді.

Көксарайдағы игілікті істер жалғасын табады
Балтакөлдіктер әкімге ұсыныстары мен шағымдарын жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу