Шымкент қаласында әйел мен бала құқығын бұзуға жол берілмейді

Oinet.kz 23-07-2025 65

Шымкент қалалық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңының баспасөзі хабарлағандай ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Шымкент қаласында отбасылық-тұрмыстық салада 3903 шақырту тіркеліп, 3316 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

1000394789.jpg

Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Ердәуіт Ниязовтың айтуынша,

Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Ердәуіт Ниязовтың айтуынша, жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2998 қорғау нұсқамасы беріліп, 406 құқық бұзушыға мінез-құлқына ерекше талаптар қойылыпты. Сонымен қорғау нұсқамасын бұзған 198 адам мен сот белгілеген шектеулерді орындамаған 134 адамға қатысты әкімшілік шаралар қолданылған. Сонымен қатар, алкоголь өнімін өткізу ережелерін бұзған 217 адамға айыппұл салынып, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 2266 адам жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 113 адам маскүнемдік пен нашақорлық бойынша мәжбүрлі емдеуге жіберілген.

– Заң – біздің қоғамды демократияландыру бағытындағы ең ірі қадам.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазір елімізде қоғамды демократияландыруға бағытталған формаларды тиімді жүргізіп отырғанын айтуымыз керек. Сондай-ақ елімізде гендерлік теңдікке және адам құқықтарын сақтауға зор көңіл бөлінуде. Оның ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі де бар. Жалпы Президентіміздің тапсырмасымен елімізде әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдатылды. Сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді. Бүгінгі күні қалада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарды болдырмау мақсатында рейдтер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 262 жасөспірім және тұрғын үйден тыс жүрген 5693 жасөспірім анықталды. 155 мекеме балалардың заңды өкілінсіз сағат 22:00-ден кейін жүруіне жол бергені үшін жауапқа тартылды. Қадағалаусыз қалған 408 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Құқық бұзушылыққа бейім 286 жасөспірім және 154 немқұрайлы ата-ана ІІО есебіне қойылды, – дейді  Ердәуіт Ниязов.

Жыл басынан Шымкент қалалық Полиция департаменті жанынан Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімдері құрылып, қызметін бастады. Бұл бөлімшелер учаскелік полиция инспекторларымен бірге аумақты аралап, сауалнама жүргізіп, тұрмысы жайсыз отбасыларды анықтау жұмысын жүйелі түрде жүргізуде. Жәбірленушілермен түсіндіру кездесулері өтіп, жазбаша арыз түскен жағдайда құқық бұзушыларға заң аясында шара қолданылады. Бөлім қызметкерлері 100-ден астам мекенжайға барып, тіркеуде тұрған тұлғалардың мінез-құлқын бақылап отыр.

Ел жастарының Отанға деген сүйіспеншілігі артып келеді
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу