Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жарты жылдық жұмысын қорытындылады

Oinet.kz 23-07-2025 51

Шымкент қалалық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында есеп берді.

1000394806.jpg

Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мемлекеттің қастерлі борышы және әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда Президент «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты өз Жолдауында: «Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз», - деп атап өткен болатын. Бұл бағытта Шымкент қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан да тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Баспасөз мәслихаты аясында қаладағы №4, №6, №7 және №12 орталық басшылары жыл басынан бергі қызмет нәтижелерімен таныстырды. Оның айтуынша, қалада 42479 мүгедектігі бар азамат тіркелген. 2025 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, 3236 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Атап айтсақ, 752 адам стационарлық жағдайда, 793 адам жартылай стационарлық жағдайда, 402 адам уақытша болу жағдайында, 1289 адам үй жағдайында қызмет алған.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдыңғы және жаңа Жолдауларында ел азаматтарын жұмыспен қамту, ерекше жандарды мемлекет қамқорлығына алу, оларға жағдай жасау, кәсіп бастауға ниет еткен азаматтарға қайтарымсыз грант тағайындау, пайыздық мөлшері аз несие қарастыру жұмыстарын көтеріп, жүйелі тапсырмалар берген болатын. Президент тапсырмасынан кейін елімізде түрлі бағдарламалар мен жобалар қолға алынды. Соның арқасында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды стоцианарлық көмек көрсету, ем-дом шараларын ұйымдастырылған. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту шаралары да қаралған. Бүгінде басқармаға қарасты 14 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Онда 1600-ден аса қызметкер арнайы санаттағы азаматтарға көмек көрсетіп келеді, – дейді Жанат Өтебаева.

«Басқарманың сан салалы жұмысының негізгі бағыттарының бірі – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларымен қамтамасыз ету. Яғни, мүгедектігі бар адамдардың тіршілік-тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға, олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады» – дей келіп, Жанат Өтебаева мүгедектігі бар балалар мен ересектерге, сондай-ақ жалғызілікті қарттарға көрсетілетін қызмет сапасын жауапты мекемелерге арттыруды тапсырды.

Шымкент қаласында жылу қазандықтары мен жылу желілерінің дайындығы пысықталуда
Шымкент қаласында жаңа форматтағы сауда орталықтарына жеңілдіктер қаралған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу