Шымкент қаласында жаңа форматтағы сауда орталықтарына жеңілдіктер қаралған

Oinet.kz 23-07-2025 53

Шымкент қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, шаһардағы Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан «Көктем» базары өз жұмысын тоқтатпай, жаңа форматқа көшірілуде.

1000394810.jpg

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, қазіргі таңда базар аумағында бой көтерген үш қабатты заманауи сауда орталығына сатушылар кезең-кезеңімен жайғастырылуда.

– Бүгінгі күні орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға елеулі көңіл бөлініп келеді. Жалпы Шымкент қаласында бизнестің даму қарқыны жоғары. Халықтың талғамының өсуі базарлардың да қайта жабдықталып, жаңғыртылуына әкеліп отыр. Тұтас шымкенттік тұтынушылардың талғамынан шығу үшін «Көктем» базарында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ең алдымен бұл көшіру жұмыстары – сауда нысанын жаңғырту, өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарын күшейту, кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылып отыр. Жаңа сауда орталығы инфрақұрылымдық тұрғыдан заманауи талаптарға толық сай жабдықталған. Бұл сауда орталығының жалпы аумағы 7200 шаршы метрді құрайды. Мұнда кәсіпкерлердің өз қызметін тиімді әрі ыңғайлы жалғастыруына барлық жағдай қарастырылған. Сауда нүктелері кең, жарық және қолжетімді, – дейді қала әкімінің орынбасары.

Қалай дегенмен де атқарылып жатқан жұмыстар Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау, сауда мәдениетін арттыру және инфрақұрылымды жетілдіру жолындағы маңызды қадам болып отыр. Өйткені, жоғарыда айтылғандай базарлардың өрт қауіпсіздігінен бастап, сауда нүктелерінің талапқа сай орналасуы, бұл ең алдымен шаһар тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалып отырған алдын алу шаралары. Қазіргі уақытта кәсіпкерлермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Барлық сатушылар үшін жеке сауда орындары қарастырылып, орналастыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Сонымен қала билігі тарапынан кәсіпкерлерге жаңа ұсынылып отырған жаңа ғимараттың қабаттары келесі бағыттар бойынша бөлінген. Атап айтсақ, бірінші қабат – сантехника мен құрылыс материалдарына, екінші қабат – күнделікті тұтыну тауарлары, көкөніс, жеміс-жидек және ет өнімдеріне, ал үшінші қабат – киім-кешек, ойыншықтар және өзге де халық тұтынатын тауарларға арналған. Кәсіпкерлердің жағдайларын ескере келе қала билігі жалға алу құны бұрынғы деңгейде қалдырған. Мәселен, көлемі 2х3 метр болатын сауда нүктесін (бутикті) бұған дейін 25 мың теңгеге жалға алған кәсіпкер жаңа нысанда да дәл осы баға бойынша сауда орнын пайдалана алады. «Бұл шешім кәсіпкерлердің жағдайын ескере отырып қабылданды» дейді қала әкімінің орынбасары.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жарты жылдық жұмысын қорытындылады
Шымкент қаласында «FSM Social» қанатқақты жобасы жұмыс істеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу